Page 322 - indexf
P. 322

12.8.1 Екіншілік және үшіншілік әдістермен өндіру
           кезіндегі ұңғымалардың орналасуы

     Әдеттегі мұнай өндіру режимі кезіндегі негізгі кемшілік – қабат қысымының
төмендеуі. Мұнда еріген газ режиміне әкеле отырып, өндіру ұңғыларының
шығымының төмендеуіне әкеледі.

     Су айдау режимі де ең тиімді бола отырып, 100%-ға өнім бере алмайды. Бұл
кезде контур сыртынан су айдау қысымды ұстап тұруға тура келеді. Қайраңды
кен орындарды игеруде қабат қысымын ұстап тұру үшін теңіз суын пайдала-
нады. Тағы да теңіз кен орындарын игергенде әртүрлі реагенттер қосылған су
немесе газ қоспалар айдау да қолданылады.

     Қабатқа су айдауға негізделген қоры аз кен орындарды екіншілік әдіспен
игергенде әдетте, контур ішінен және контур бойымен су айдау қолданылады.
Бұл кезде ұңғылардың орналасуы кен орын немесе су-мұнай қатынасының
пішініне ұқсас болады (12.13 а-сурет).

12.13-сурет. Екіншілік әдістерді қолданып игеру кезіндегі ұңғылардың орналасуы
         а – мұнай және газ шоғырын су айдау режимінде игеру; б – сулану
         режимі кезіндегі күрт төмендеуші мұнай шоғырын игеру; в – күрт
            төмендеуші мұнай шоғырын қабатқа газ айдау арқылы игеру

     Орташа қоры бар шоғырды игерген кезде тұрақты және түрақсыз орналасты-
ру жүйелері мысалы: бес немесе жеті нүктелі жүйе жақсы көрсеткіш көрсетеді.

         322

МАЗМ¦НЫ
   317   318   319   320   321   322   323   324   325   326   327