Page 330 - indexf
P. 330

Қабат энергиясын сұйық шығаруда және әртүрлі жууларда барынша пай-
далану үшін НКТ башмагы перфорацияның жоғарғы тесігіне дейін түсіріледі.
Сұйық бағанасын СКҚ башмагына дейін ығыстыру үшін, әсіресе өте үлкен
тереңдіктерде бірнеше мегапаскальға дейін көтеретін қуатты компрессор-
лар керек. Бұл меңгеруді қиындатады, сондықтан құбыр тізбегінде алдын ала
анықталған тереңдіктерде түсірілетін тесіктер деп аталатындар жасалады.
Құбыраралық өтіп жатқан сұйық бағанасы осы тесікке келгенде, айдау газы
НКТ арқылы сұйыққа қосылып тесіктен жоғары сұйық бағанасын газдайды.
Егер СКҚ-дағы сұйық бағанасының тесіктен кейінгі газдалған қысымы Р1 болса,
онда түп қысым Рс мынаған тең:

						   Ρc = Ρ1 + ( H − L) ρ1q cos β : 	                 (13.2)

Мұндағы Н – түп тереңдігі (жоғарғы перфорацияға дейін); L – түсіру тесігі
тереңдігі; ρ1 − ұңғыма сұйығының тығыздығы; β − ұңғыма қисығының орташа
бұрышы.

     Айдалған газға дейінгі түп қысымы

						   Pgo = H ρ1q cos β − ρ1 	                         (13.3)

(13.2) (13.3)-тен есептеп қабат депрессиясын анықтаймыз.

						   ∆Ρ = Lρ1q cos β − Ρ1 	                           (13.4)

     Бірақ L-дің көбеюімен Р1-де көбейеді, ол негізінен айтқанда газ шығымына
тәуелді, бірақ (13.4) формулада анықталған гидростатикалық қысымнан 7-10%-
дық артық түсірілмейді. Сондықтан терең ұңғымаларда меңгеру үшін жоғары
қысымды беретін компрессорлар қолданылуы керек.

     Ұңғыманы газды-сұйық айдау арқылы меңгеру. Ұңғымаға газды сұйық
айдау арқылы меңгеруде таза газдың орнына құбыраралық кеңістікке газ
қоспасын айдайды. Бұндай газды сұйық қоспаның тығыздығы айдалатын газ
және сұйық шығынының қатынасына байланысты. Бұл үдеріс параметрлерін
қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Газды сұйық қоспаның тығыздығы таза
газ тығыздығынан көп болғандықтан, ол біршама терең ұңғыларды қысымы аз
компрессорлар көмегімен меңгеруге көмегін тигізеді. Бұл үдеріс қиын.

     Газды сұйық қоспа айдағанда ауа көпіршіктеріне Архимед күші әсерінен
олар ағымда бетке шығады. Бетке шығу жылдамдығы газды көпіршіктердің
өлшеміне байланысты, сұйық тұтқырлығына және оның тығыздығына байланыс-
ты: көпіршік қаншалықты кіші, оның бетке шығу жылдамдығы соншалықты
аз. Одан басқа газ НКТ башмагына жетпей, түп қысымы азайады. Біршама
қажетті жылдамдық болу үшін үлкен шығымдар болуы қажет. Үдерістің қажетті
жылдамдығын 0,8-1 м/с болса, үдеріс қуанарлықтай нәтижеге жетеді.

         330

МАЗМ¦НЫ
   325   326   327   328   329   330   331   332   333   334   335