Page 389 - indexf
P. 389

мұндағы: α – мұз дрейфінің жоғары және төмен жылдамдықтары V үшін,

сәйкесінше 1 мен 3 аралықта өзгеретін коэффициент, ал hi – мұз қалыңдығы.
     Мұз дрейфінің жылдамдығы:

						   Vi = Vcosβ	        (14.3)

мұндағы: βi – мұз қозғалысының бағыты мен радиусы арасындағы бұрыш.
Құрылымға әсер ететін жалпы мұз жүктемесі кездейсоқ шама болып табылады,

ал мұз алаңының құрылыммен әсерлесуі – кездейсоқ үдеріс.

     Мұздың құрылыммен әсерлесудің әрбір бөлігінде, мұз жүктемесі уақыт

бойынша максималдан Fi.max минималға Fi.min дейін азаюы мүмкін, сонда өзгеріс
заңы мына түрде:

						   Fi.max= ψ Fi.min	  (14.4)

Мұндағы: ψ – в/h; Rc; V/h функциясы болып табылатын, редукция коэффициенті.
     Жоғарыда қарастырылған есеп шешімінің дұрыстығына қарамастан, оның

практикалық қолданысы соңғы нәтижеге әсер ететін, көптеген параметрлерді
қарастыруды талап етеді, сол жайлы Ю.Н. Алексеев, т.б. жұмыстарда толық
жазған.

     Соңғы кездері қарастырылатын аймақта мүмкін болатын мұз басулардың
пайда болуы олардың беріктілік сипаттары мен арал маңындағы қорғаныс
жағажайлардың теориялары игерілуде.

     Арал маңында қорғаныс мұз басудың пайда болуы қозғалыстағы мұз
алаңдарымен әсерлесетін, тосқауылдың диаметрін ұлғайтады, соған орай
аралдың мұз жүктемесін арттырады. Дегенмен, арал массасы мен мұз басу
алаңынан тұратын, құрылымның жалпы тұрақтылығына қолайлы болатын,
тосқауылдың массасы да артады. Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, аралдың
жылжуға қатысты тұрақтылығы, шамамен 20% жоғарылайды.

     Мұз басудың тұрақтылыққа қолайлы әсері нәтижесінде үлкен тереңдіктерде
еңістерді жобалау кезінде, мұз басу алаңы аралдың еңісіне отыратындай етіп
тұрғызыла бастады. Мұндай қорғаныс алғаш рет 1976 жылы Арнак Л-30 аралын
конструкциялауда қолданылды, кейіннен осы қорғаныс бермалар басқа да арал-
дарды тұрғызуда пайдаланылды. Қарапайым еңісті және қорғаныс бермалары
бар еңістер аралдарының конструкциялары 14.10-суретте көрсетілген.

     Мұз бен тосқауылдың жасанды арал түріндегі әсерлесу табиғатын талдай
отырып, аралдың мұз жүктемесі, бір жағынан, мұздың пайда болуын шақыратын
дрейфтер күшімен, басқа жағынан құрылым маңындағы мұзды бұзу минимал
күштерімен анықталады.

         389

МАЗМ¦НЫ
   384   385   386   387   388   389   390   391   392   393   394