Page 390 - indexf
P. 390

14.10-сурет. Жасанды аралдардың еңіс түрлері:
а, б – қорғаушы жағажаймен; в – дәстүрлі бекіту түрі

     Қозғалмалы мұз алаңы мен аралдың арасындағы әсерлесу кезіндегі шекті
күшті формуламен анықтауға ұсынылады:

					  Fл = c1oραVВ2L2 + 0,5cTρВVT2L2 + WL,	          (14.5)

Мұндағы L – мұз алаңының ұзындығы мен ені, осы жағдайда тең деп алынған;
ρα– ауа тығыздығы; ρв – су тығыздығы; С10 мен СТ – сәйкесінше жел мен ағыс үшін
жылдамдық коэффициенттері; Vв – жел жылдамдығы; VТ – ағыс жылдамдығы;
W – L ұзындықта дрейфтелген мұз алаңында пайда болатын мұз басудың орта-
ша күші.

     (14.5) формуласының бірінші мүшесі, мұз бетінде желдің әсерінен пайда бо-
латын күшті, екінші мүшесі – ағынның салдарынан суасты төменгі бөлігіндегі
күшті, үшіншісі – қарастырылған мұздыққа қоршаған мұздың әсері күшін си-
паттайды.

     Біршама қатарларда, арктикалық суларда бұрғыланатын жасанды аралдар
мұзды қолдану арқылы тұрғызылды.

     Теңіз түбіне мұзбен немесе нығыздаушы материалдарымен (қиыршық тас,
үгінділер, қанат, трос кеспелері, т.б.) толтырылатын ұяшықты конструкциялар-
ды қолдану жобалары бар. Нығыздаушы материалдар мұз денесін қалыптастыру
кезеңінде толтырылады. Мұз аралын тұрғызу кезінде бірнеше технологиялық
сұлбалар пайдалануы мүмкін. Солардың біреуі арқылы белгіленген аудан
шегінде жасанды мұздың қабаттарын мұздатады, оның қалыңдығы арал кон-
струкциясымен анықталады.

                390

       МАЗМ¦НЫ
   385   386   387   388   389   390   391   392   393   394   395