Page 392 - indexf
P. 392

ету үшін жеткілікті болатын, мұздың бетінде толтырғыш материалдарды
жайғастырады. Жайғастыру үдерісі кезінде, толтырғыш материалдарды сумен
құяды, онымен олардың мұздақтарға жабысуын қамтамасыз етеді.

     Мұздың бақыланатын батуын қамтамасыз ету үшін толтырғыш матери-
алдармен (3) бірге бірнеше лебедкалар орнатылады (4). Бұл лебедкалардың
көмегімен, мұздық (2) түбіне батырылады, кейін лебедка арқаны ажыратылады.

     Содан соң, мұздық алаңның келесі учаскесі түсіріліп, бекітілген мұздың
үстіндегі майнаға ауысады, барлық үдеріс, сәйкес мұздық массив құрылғанға
дейін қайталанады. Аралдың жоғарғы бөлігі (5) судың табиғи мұздалуынан
және жұмыс ауданның берілген өлшемдеріне жеткенге дейінгі грунттың
себуі орындалғаннан кейін түзіледі. Көбінесе, себуді мұздық блоктардың
жайғастырумен ауыстыруға болады, олардың өлшемі қолданатын жүккөтергіш
механизмдермен анықталады. Бүйір беттерін толтырғыш материалдармен (6)
себу, мұздық аралдардың жылу изоляциясын ұстап тұратын, кейде құммен,
қиыршықтаспен немесе басқа грунтпен жүзеге асады. Арал периметрін қорғау
үшін жер аралдарының жағдайына ұқсас, грунттық толтырғыштары бар
қапшықтар қолданылады.

     Мұздақтарды ықтиярсыз батыру үшін лебедкалардың орнына табиғи баты-
руын қамтамасыз ететін, мұздақтардың теріс жүзуінің түзілуі үшін жеткілікті
болатын көлемде грунтпен себуді қолдануға болады.

     Қажет өлшемді мұздық аралдар, бұл мақсаттар үшін оңтайлы жерде құрылған
жобалар көп. Содан соң, аралдың жүзуіне жеткілікті болатын қуыс құрылады.
Қуыс аралдың денесі ішінде отынның жану көмегімен немесе жылытудың ар-
найы жүйелері көмегі арқылы құрылады. Еріген су сораптармен жойылады,
арал қалқиып, осы түрде, қондырғы орнына сүйретіледі (буксирленеді), бұл рет-
те қуыс сумен толтырылып, арал теңіз түбіне бекітіледі.

     Мұздық аралды жобалаған кезде, жылу изоляция проблемасын шешу керек.
Барлық технологиялық қондырғылар арнайы ағаш аудандарда орнатылады, бұл
сондай-ақ, аралды бұзылудан сақтайды.

     Арал құрылымында, бұл алдын ала шаралардан басқа, аралдың мұздық
денесінің температурасын қамтамасыз ететін, арнайы суытқыш қондырғылары
қарастырылады. Қазіргі уақытта, Артикадағы теңіз кен орындарды меңгеру
және барлау үшін зерттеулер жүргізіліп жатыр.

     Барлау бұрғылау үшін мұздан соңғы жылдары жүзгіш алаңдардың жа-
санды мұздатылуы қолданылады. Мұндай алаңдардың мұздатылуы жоғарыда
жазылған әдіспен жүзеге асады. Мұндай аудандар көмегімен, теңіздің түрлі
тереңдіктерінде (150 м-ге дейін) бірқатар ұңғыма қатары бұрғыланды.

     Соңғы жылдары жасанды аралдардың құрылымды тұрғызу үшін қажет
топырақ (грунт) көлемін бірқатар төмендетуге мүмкіншілік беретін біртума жо-
балар ойлап шығарылды.

     Сұлбалары 14.12, 14.13 және 14.14-суреттерде берілген, аралдардың
конструкциясында, құммен толтырылған қабыршыққа түсетін артық сыртқы

         392

МАЗМ¦НЫ
   387   388   389   390   391   392   393   394   395   396   397