Page 405 - indexf
P. 405

Гравитациялы тіректердегі эстакадаларды пайдалануға болады, алайда
қазіргі уақытқа дейін мұндай эстакадалар салынған жоқ.

                            15.5 Теңіз эстакадаларын жобалау

     Теңіз эстакадалары қоршаған ортаның ауыр жағдайларында жұмыс істейтін
көпірлі типті ғимараттар болып табылады. Оларды жобалау көпірлік типті
ғимараттарға арналған және кәсіпорындық ғимараттарға арналған нормативтік
құжаттарды қолданып жүргізіледі.

     Олар тіректерге сүйенетін бойлық құрылым жүйелерінен тұратын сызықтық
бойлық ғимарат, олардың типі мен олардың арасындағы арақашықтық теңіз
тереңдігіне, құрылыс орнындағы грунттық жағдайларға, климаттық жағдайларға
және эстакада құрылысының қабылданған схемасына тәуелді. Эстакада тірегінің
таңдалған типіне байланысты тіректің негізгі өлшемдерін таңдауға және оның
конструктивті ерекшеліктеріне қатысты сұрақтар шешіледі. Сонымен қатар
тәжірибе негізінде кейбір негізгі ұсыныстарды басшылыққа алу керек.

     Тура типті металл тіректерін қолдану жағдайы мен құрылыстың пионерлік
тәсілінде:

     -	 20 м дейінгі теңіз тереңдігінде бір ярусты немесе екі ярусты байланыс
          жүйелері бар жазық тіректер қолданылады;

     -	 27 м дейінгі теңіз тереңдігінде екі ярусты байланыс жүйелері бар
          кеңістіктік тіректерді қолданған жөн;

     -	 27 м жоғары тереңдікте блокты конструкция тіректерін қолданған және
          құрылыстың жүзбе материалдары қолданылатын схемасына ауысқан
          абзал;

     -	 эстакада тіректерінің свайларын тиеу әдісі грунт сипатына тәуелді;
          свайларды тығуға мүмкіндік бермейтін тығыз грунттарда бұрғылау не-
          месе аралас свайлары қолданылады; әлсіз грунттарда камуфлетті не-
          месе винтті свайларды қолдану мүмкіндігін қарастырған жөн; қажетті
          салмақ түсетін қабілеттерге ие және свайды кәдімгі механизмдермен
          тиеуге мүмкіндік беретін жұмсақ грунттарда жасырынған свайларды
          қолдану ұсынылады;

     -	 тіректі құбырлық қима элементтерінен құрастырған жөн;
     -	 ригель мен тіректің свай осьтерінің қиылысу нүктелері арасындағы

          қашықтық құрылыстың пионерлік әдісінде қолданылатын эстакада
          құрылыстық механизмге байланысты қабылданады;
     -	 тірек бағандарының қисаюы рамалардың бағыттаушы бағандарының
          қисаюына сәйкес алынады;
     -	 тіректің көлденең созылымы теңіз горизонтынан 2-3 м биіктікте орна-
          ласуы қажет, сонымен қатар бұл қашықтық тіректің орнатылу орнының
          тереңдігі артқан сайын көбеюі керек;

         405

МАЗМ¦НЫ
   400   401   402   403   404   405   406   407   408   409   410