Page 406 - indexf
P. 406

-	 қима осі көлденең созылым осьтері мен суасты бөліктері свайларының
          қиылысу нүктесі арқылы өтуі керек және 0,5 м суасты бөлікте теңіз
          түбіндегі свай осімен қиылысуы керек;

     -	 тірек бағандарының диаметрі қолданылатын эстакада құрылыстық
          кранның жүккөтерімділігімен үйлестірілуі қажет (эстакада құрылы-
          сының пионерлік әдісінде).

     Тіректің басқа типтерін қолдану жағдайында:
     -	 темірбетонды элементтерден тұратын тура типті тіректерді қолдануды

          тірек бағандарын свайлы жабдықтары көмегімен немесе вибротиегіштер
          көмегімен тиеу мүмкіндігі бар болатын жағдайлармен, екі жағдайда да
          свай жүктемесін жеңілдетумен шектеуге болады;
     -	 эстакада тіректерін жобалауда кәдімгі призмалы свайларды немесе
          свай-қабықшаларды қолдануға болады. Свайдың тік иілуі құрылыс
          техникасының мүмкіндіктерімен анықталады. Диаметрі 1,2 м немесе
          одан артық қабықтарды қолдану жағдайында тік тірек элементтері бар
          схемаларды қолданған жөн;
     -	 қосымша көлденең байланыстары мен қималары бар темірбетонды эле-
          менттерден құралған тіректі схемаларды қолдануға болмайды;
     -	 гравитационды типті тіректерді құрастыру кезінде құрылыс орнында
          тіректі орналастыру жұмыстарын минимумға жеткізетіндей шешімдер
          қабылдау қажет.
     Эстакадаларды жобалау кезінде теңіз эстакадасының экономикалық
тиімділігі оның тірек қадамына тура тәуелділікте екенін есте сақтау қажет. Эста-
када тіректерінің қадамы оның тұрғызылу схемасымен анықталады. Теңіздік
мұнай кәсіпшілігінің құрылысында эстакада құрылыстық крандарының
көмегімен тұрғызылатын теңіз эстакадалары кең таралған. Қолданылатын кран-
дар типі эстакада тіректері арасындағы мүмкін бойларды, жүріп өтетін бөлік
енін анықтайды, максимал ауыр элементтер салмағын азайтып, тіректің свайы
диаметрін айтарлықтай шектейді.
     Металдан жасалған бойлық құрылымды эстакадаларды жобалау кезінде
металл құбырлық тіректер элементтерінде келесі тұжырымдарды пайдалану
қажет:
     -	 20 м дейінгі тереңдіктерде жазық тіректер мен эстакада тұрғызудың
          пионерлік тәсілінде тіректер қадамын эстакада құрылыстық кран типіне
          байланысты 14 немесе 20 м тең деп қабылдайды;
     -	 20 – 27 м тереңдіктерде және эстакада тұрғызудың пионерлік тәсілінде
          тіректер қадамын 20 м тең деп қабылдайды;
     -	 үлкен тереңдіктер мен кранды судаларды қарастыратын құрылыс
          тәсілінде тіректер қадамы 40-50 м тең деп қабылданады.
     Эстакадаларды жобалауда эстакадалардың температуралық жапсарларын
байланыс бағандарынан 100 м аспайтын қашықтыққа орнату қажет екенін есте
сақтау қажет.

         406

МАЗМ¦НЫ
   401   402   403   404   405   406   407   408   409   410   411