Page 407 - indexf
P. 407

Эстакадаларға тікелей әсер ететін көлденең жүктемелерді қабылдайтын
байланыс бағандарын температуралық блок ортасына орналастырған абзал,
кеңістіктік тірек блоктарында байланыс бағандары орнатылмайды.

     Авторазъездерді бір-бірінен 250-350 м қашықтыққа орналастырып,
температуралық блоктардың байланыс бағандарымен біріктірген абзал, авто-
разъездерге құбырлар компенсаторларын орнату мүмкіндігін қарастыру қажет.

     Теңіз эстакадасының тірегінің типі мен геометриялық өлшемдерін
орнатқаннан кейін есептік жүктемелер мен олардың үйлесуін анықтау қажет.

     Теңіздік эстакадаларды жобалауда ғимараттың құрылысының барлық
кезеңінде пайда болуы мүмкін жүктемелердің барлық мүмкін үйлесімдері
қарастырылуы кажет.

     Нормативті уақытша қозғалмалы тік жүктемелер эстакадаларға екі жағдай
үшін қабылданады:

     1.	 Н-30 схемасы бойынша стандартты жүктеме;
     2.	 Автобаған құрамындағы бір автокөлікті Э-10011 маркасының (жүксіз)

          шынжыр табанында ауыстыруға болатын Н-30 схемасы бойынша стан-
          дартты жүктеме.
     Желдік, толқындық жүктемелер мен ағыс жүктемелері сәйкес нормативтік
құжаттар бойынша анықталады.

15.2-сурет. Кеңістіктегі тіреулердің эстакадалық схемасы:

                 а – фасад; б – жоба; в – тік қима;
1 – тіреуіш свай; 2 – анкер; 3 – суасты байланыс; 4 – суүсті

     байланыс; 5 – ригель; 6, 7 – қысқа уақыт құрылымы.

     Эстакада құрылысы кезеңінде ол сол кезеңге тән жүктемелер үйлесіміне
есептелуі керек. Бұл есептік жағдайда тік және көлденең күштерді анықтауда
эстакадада орналасқан технологиялық құрылыс жабдықтарының жүктемелері,
түрлі монтаждау жүктемелері ескерілуі қажет.

         407

МАЗМ¦НЫ
   402   403   404   405   406   407   408   409   410   411   412