Page 419 - indexf
P. 419

Айта кету керек, платформада газдан көмірсутекті конденсаттың бөлінуі плат-
формада жүргізіледі, себебі, газ бен конденсат (мұнайы бар қоспасында) жеке
құбырлар арқылы түрлі жағалық станцияларға жіберіледі: газ – Эмденге (Герма-
ния), ал конденсат пен мұнай – Тиссайдқа (Ұлыбритания).

     ОТП газ бойынша жалпы өнімділігі, шамамен 60-70 млн нм3/тәул. құрайды.
     Солтүстік теңіздің голланд секторында газды кешенді орналастыру
қызығушылық тудырады. Мұнда газ ұңғымаларына әрбір платформаларда
гидраттүзілуді ескерту үшін метанол, сондай-ақ коррозия ингибиторы енгізіледі
(себебі газда көмірқышқыл газы көп). Газ барлық платформалардан ену сепара-
торлары, газды құрғату мен үш-этиленгликольді регенерациялау қондырғылары,
сондай-ақ метанол регенерациясы қондырғысы орнатылатын ОТП-ға жіберіледі.
«Ричфилд Ойл Корпорейшн» фирмасы патенттеген дайындаудың осындай сыз-
басы бойынша газы бар метанолдың жоғалуы жойылады, себебі ол газ ағынын
құрғату қондырғыларында үшэтиленгликольмен алынып, сосын сулы сепара-
торлардан метанолмен біріктіріліп, регенерленеді (берілген жағдайда – концен-
трация 98,7% салмаққа дейін). Сорғытылған конденсат пен құрғатылған газ
ОТП-дан жағалық станцияға жөнелтіледі. Бастапқы газдағы конденсат мөлшері
5,7 см3/м3 аспайды. Барлық ұңғымалардың жалпы өнімділігі (жоба бойынша) –
10,2 млн нм3/тәу.
     Су мен көмірсутектер бойынша газдың талап етілетін шық нүктелері
өндірудің түрлі аудандарында әртүрлі. Мысалы, Солтүстік теңіз үшін олар
70 кгс/см2 жағдайында сәйкесінше минус 9,5 және минус 4°С құрайды (ең суық
айлар – қаңтар және ақпан үшін, ал қалған айлар үшін талаптар аса қатал емес).
     Бұл бөлімде «ВНИПИморнефтегаз» жағалық құрылыстарға (алайда, нақтыланған
қорлар аз болғаннан кейін кен орнын мұнайды мұзға тұрақты түсіру терминалына бере
отырып, бір платформамен игеруге шешім қабылданды) мұнай берумен екі платформа
арқылы игеру көзделген Приразломное кен орны үшін ұсынған игерулерді келтіре
кеткен орынды, сондай-ақ кеніштің солтүстік бөлігін бір ЛСП-С платформасы
(16.4 а-сурет), ал оңтүстік бөлігін – екі бұрғылау станогымен бұрғылау көзделді,
ЛСП-Ю платформасы (16.4 б-сурет).
     Мұнайды суасты құбыры арқылы тасымалдайтын кен орынды жабдықтаудың
екі нұсқасы бар БС технологиялық сызбалары мен ЛСП-Ю и ЛСП-С блок-
модульдерінің пайдалану кешені құрастырылды, олар ЛСП БС нұсқалар бойын-
ша су, тұздар, мехқосылыстар бойынша экспорт кондициясына дейін мұнайды
дайындауды қамтамасыз ететін технологиялық операциялардың орындалуын
қарастырады.
     1.1-нұсқа
     ЛСП-С ұңғымалардың өнімдері газдан еркін суға дейін сепарация-
дан соң суасты құбыры арқылы қысыммен ЛСП-Ю жіберіледі. Мұнай мен
мехқосылыстардан тазартылған қабаттық суға (су өндіру көлемінің 80%)
Н-3 сораптармен Р-1 теңіз суы қосылады. Деаэратор (ДА) екісатылы фильтрде
(Ф) мехқосылыстардан тазартқаннан кейін Р-1 буферлі резервуарынан жоғары

         419

МАЗМ¦НЫ
   414   415   416   417   418   419   420   421   422   423   424