Page 418 - indexf
P. 418

тыларынан кейін конденсат сепараторлардан бірінші сатылы сепараторға
(2) жіберіледі, ал төмен қысымды сепараторлардағы конденсат – үшінші
сатылы сепараторға (4) жіберіледі. Отын ретінде конденсирленген судан
сепараторда (11) бөлінетін және салқындатылатын, жылуалмасқышта (12)
жылытылып, сызық (5) бойынша берілетін мұнай сепарациясының бірінші
сатысының тұрақтандыру газы мен абсорбердің шығысындағы құрғатылған
газ қолданылуы мүмкін.

     Осы қағида бойынша әлемнің көптеген аудандарында теңізді мұнай кен
орындары салынған.

     Сөзсіз, жоғарыда қарастырылған нұсқалар кейбір нұсқалардан түйіндер
жинайтын мұнай мен газды дайындаудың мүмкін сызбалық шешімдерінің
барлық түрлерін жоққа шығармайды. Кейбір қондырғылардың қуаты аз және
олар алыста теңізде орналасқан жағдайларда газды жағаға құбыр арқылы тасы-
малдау тиімсіз. Ол кезде сұйытылған газды платформада дайындап, оны жағаға
құбыр немесе баржалар арқылы жөнелткен дұрыс.

     Бразилия жағасында мұнай өндіру кезінде өнімдер әрбір кен орындарын-
да орнатылған платформаларда өлшенеді және орталық платформаға, ол жер-
де газды мұнайлы ағын үшфазалы сепараторда өлшенгеннен кейін қосымша
өңдеусіз құбыр арқылы жағаға жіберіледі.

     Айтып кеткеніміздей, соңғы уақытта ағындар жиынын жеке кен орында-
рынан түрлі ағындардың (мұнай, газ, конденсат пен су) қажет кондицияларға
дейін жеткізілуі жүретін орталық технологиялық платформаға (ОТП) жинау
беталысы байқалады. Бұл жағдай Экофиск кен орнын Солтүстік теңізге орна-
ластыруда байқалады, біз оның жеке аспектілерін қарастыратын боламыз. Бұл
кен орынға жеті жеке кәсіпшілік кіреді, олардың алтауы – мұнайлы, біреуі – газо-
конденсатты. «Албушелл», «Эдда», «Эко­фиск» және «Топ» кәсіпшілік платфор-
маларында мұнай мен газ бірінші бөлінеді, газ гликольмен құрғатылады, сосын
мұнай мен құрғатылған газ жеке құбырлар арқылы (қашықтық 15 км) ОТП-ға
жіберіледі. «Код» платформасында газ газды конденсаттан бөлініп, гликольмен
құрғатылады, конденсат сорғытылғаннан кейін газ бен конденсат біріктіріліп,
жалпы құбыр арқылы ОТП беріледі (қашықтық, шамамен 93 км). «Батыс Эко-
фиск» платформасынан мұнай мен газ ОТП-ға екіфазалы ағын ретінде болжал-
ды сепарация немесе құрғатусыз тасымалданады (құбыр ұзындығы шамамен,
9 км). Сонымен «Экофиск» платформасынан мұнай мен газ бөлінгеннен кейін
жеке құбырлар арқылы ОТП-ға барады, онда біріктірілген мұнай және газды – кон-
денсатты ағындардың тұрақталуы жүреді, одан кейін мұнай сораппен жағаға алы-
нады. Мұнайда тұрақтандырушы газдар сығылады, «Экоф­ иск» платформасының
газымен біріктіріледі және үшэтиленгликольмен кептіріледі (99,5%). Одан кейін
барлық кәсіпшіліктердің біріктірілген газды ағындары олардың көмірсутектер
бойынша шық нүктелерін төмендету үшін салқындатылады және газ сығылып,
суасты құбыры арқылы жағаға жіберіледі.

         418

МАЗМ¦НЫ
   413   414   415   416   417   418   419   420   421   422   423