Page 454 - indexf
P. 454

үсті теңіз толқуынан қорғану үшін құммен себіліп, әртүрлі заттардан қорғалады.
Құбырларды орнату үдерісінде сүңгуірлер стингер мен құбырды үнемі тексереді.
Олар теңіз түбіндегі бөгеттерді, құбырдың дұрыс орналасуын және стингердің
орнын бақылап отырады. Платформаға құбырды орналастырғаннан кейін
сүңгуірлер оны тұраққа жалғап, одан кейін теңіз түбінен палубаға көтерілетін
құбыр бөлігіне жалғайды.

17.6-сурет. Теңіз жағалауындағы құбыр желілер

     Құбырды пайдалануға дейін ол престеліп, тығыздыққа тексерілуі тиіс. Сол
сияқты палубадағы барлық жабдықтар, құбыр, жетек, қақпақтар және өшіргіштер,
шикі мұнайды жерден алатын сораптар, жағаға мұнайды ығыстыратын жүйелер
адам және қоршаған ортаға зиянын келтірмей, дұрыс жұмысын жүргізу үшін
бірнеше рет бақыланып, тексерілуі керек.

     Кейін терең суларда құбырларды орнату үшін жаңа технология қолдана
бастады. Оның маңызы теңіз түбіне құбырды батыру үдерісінде құбырда бо-
латын кернеулерді реттеуге бағыттайтын құрылғы-стингердің орнына арнайы
понтондар қолданады. Оны қолдану құбырдың майысуын азайтып, қатаң
гидрометеорологиялық жағдайларда қауіпсіз келеді, оларды түсіріп орнату
мүмкіндігін береді.

     Құбыр әртүрлі орындарға орналасуы мүмкін. Оларды теңіз жинау станция-
ларына апарып, онда мұнай мен газ ары қарай бөлініп, содан кейін кері қарай
құбырға бағытталып, жағаға апарылып қосымша өңдеуге жіберіледі. Кейбір
құбырлар үлкен мұнай базалары бар жағада тоқтап, мұнда көмірсутектер ары
қарай мұнай өңдейтін зауыттарға тарату үшін сақталады. Көмірсутектер мұнай
өңдеу зауытына жерасты құбырлар бойымен тікелей тасымалданады немесе
теңіз терминалдарынан танкерлерге салынып, басқа жерлерге жеткізіледі.

     Терминалдан бірнеше танкерлері жүк алып немесе жүктерін босатуға бо-
лады. Көп айлақты терминалдар ауа райы нашар жерлерде жасырын зоналарда
орналасады.

         454

МАЗМ¦НЫ
   449   450   451   452   453   454   455   456   457   458   459