Page 550 - indexf
P. 550

керектігін, нақты ауданда кен орнының жағдайлары толық сәйкесті зерттелуі
керектігін, ол үшін оларды меңгерудің сәйкесті техникасы мен технологиясы
жасалуы қажет деп есептейді.

     Теңіз кен орындарының құрлықтағы кен орындарға қарағанда
артықшылықтары мен ерекшеліктері жеткілікті. Құрлықтағы жасақтардың
құнының 90 пайызы ұңғымаларға тиетін болса, теңіз кен орындарының ең
басты ерекшелігі құнының қомақты бөлігі гидротехникалық жасақтарға,
бұрғылау платформалары мен кемелерге, суасты құбырларына, әмбебап жүзбелі
жасақтарға тиесілі.

     Тағы бір ерекшелігі мұнай кеніштерінің теңіз түбінен терең жатпауы және
теңіз түбінің жыныстары көбінесе шөгінді болып келуі. Теңіз кен орындарын
игеруге кеткен жалпы шығындардың көлемі көп екендігін санағанда, тиімділікті
алынатын мұнай қоры үлкен және орта тәуліктік дебиті жоғары ірі алып кен
орны қамтамасыз етуі тиіс. Теңіз кен орындарында нарықта жоғары бағаланатын
конденсатты мұнай жиі кездеседі.

     Соңғы жылдары континенталды қайраңда пайдалы қазбалардың дамуы
айтарлықтай көп мөлшерде жаңа гидротехникалық құрылғылар типтерін
пайдалануға алып келді. Бұл құрылғылар өзінің тиімділігімен қатар құрастыру
тәсілдерімен ерекшеленді. Бұл орайда, бұрын инженер-гидромеханиктердің прак-
тикада кездестірмеген қиындықтар туындады. Қайраңдағы гидротехникалық
құрылғылар құрылысының көлеміне қарамастан, оның проектісіне байланысты
көптеген сұрақтар толықтай шешілді және осы орайда жұмыс жасайтын маман-
дар алдында күрделі де қызықты мәселелер тұрды.

     Негізгі мәселелердің бірі: толқу, ағын, мұз, жел, сейсмикалық сияқты табиғи
факторлардан анықтау болды. Бұл ауыртпалықтар айнымалы қасиетке ие және
көбіне динамикалық болып табылады. Осындай ауыртпалықтарды анықтайтын
жаңа тәсілдер жұмыс сапасын үнемі анық көрсете бермейді, сондықтан
жетілдіруді қажет етеді.

     Құрылғының типіне байланысты оны есептеу кезінде әртүрлі қиындықтар
туындайды. ЭВМ көмегімен қиын, үлкен көлемді есептерді шығаруға тура келеді
және есеп барысында мән нәтижесі бойынша алдын алуға келмейтін қиындықтар
туындайды. Мұндай баға тек ауқымды тәжірибелік мәліметтер құрастырылған
құрылғылардан алынған кезде ғана мүмкін. Мысалы: тереңсулы гравитациялық
платформалардың негізгі есептеулері айтарлықтай дәл болмайды, өйткені
оның тереңдік базасы 10000 м2 жоғары, свайлы-гравитациялық құрылғылар
платформамен керілген тросты системалар, т.с.с. Осы жағдайдың барлығы
үнемі Ресейдегідей, шетелдерде де, теңіз қайраңындағы гидродинамикалық
құрылғылармен байланысты барлық бағыттағы зерттеулер көлемін ұлғайтты.
Бұл зерттеулер теориялықпен қатар тәжірибелік мағынаға ие болды.

     	 Біздің мемлекетімізде Каспий және Ресейде Боренцев теңіздеріндегі өте
бай теңіз кен орындарын, Сахалин қайраңы және Солтүстік Мұзды мұхитындағы
теңіздердің игеру және пайдалану үшін осындай зерттеулер жүргізу маңызды.

         550

МАЗМ¦НЫ
   545   546   547   548   549   550   551   552   553   554   555