Page 545 - indexf
P. 545

барлық мұнайы елдің батысында өндіріледі, оны тұтыну негізінен орталық және
шығыс Канадада, сонымен қатар АҚШ-та шоғырланған. Альберта кен орны
мұнайдың канадалық экспортының төрттен үш бөлігін АҚШ-қа жібереді. 1999
жылы Канада Венесуэла, Сауд Арабиясы және Мексикамен қатар ірі мұнай
жеткізушілер қатарына кірді. Елде өндірілген мұнай мен газдың шамамен,
95%-ы құбыржелілер арқылы тасымалданады.

     Сант Джонстан шығысқа қарай үлкен мұнай өндіруші аудандар орналасқан,
олар: Hibernia, Terra-nova, White-Rqse, Hebron/Ben Nevis кен орындары.

     Hibernia кен орны Сент Джонстан 315 км қашықтықта 80 м тереңдікте
орналасқан, ол Канаданың бес ірі кен орындарының қатарына жатады. Оны иге-
ру 1999 жылы басталған. Қорлар жеңіл мұнайдың үш млн. баррельін құрайды,
кен орнын пайдалану уақыты 18 жыл. Кен орнында биіктігі 224 м темір бе-
тонды гравитациялы платформа орналасқан, оның негізінде сыйымдылығы
1,3 млн. баррель қойма орналасқан. Қазіргі кезде Солтүстік теңізде отыз плат-
форма орналасқанымен, олардың бірде-біреуі айсбергтерге қарсы тұру үшін
арналмаған. Hibernia платформасы ерекше. Ол қалыңдығы 15 м мұзды бетке ие;
қоршаған негізгі тісшелер барлық бет бойынша айсбергтердің әсерінен күштерді
тарату үшін арналған. Құрылыс салмағы 600 тонна, құрғақ балласт салмағы
400 мың тонна. Платформа еш зақымданусыз салмағы 1 млн. тонна айсбергі
көтереді, жөндеуге келетін зақымданумен салмағы 6 млн. тонна айсбергтердің
әсеріне, бірақ олар 10 мың жылда бір рет пайда болады. Мұнайды дайындау
жоғарғы, орташа және төменгі сепараторларда үш сатыда жүзеге асырылады.
Мұнайдан газ бен су бөлінеді, олар кейіннен қабатқа қайта айдалады.

     Қондырғы күніне 200 мың баррель сұйықтықты дайындау үшін жобаланған.
Мұнай бір нүктелі айлақ арқылы танкерлерге тиеледі.

     Америка Құрама Штаттары
     Мұнай. АҚШ-та мұнай қорларының 22,4 млрд. баррелі бар, олар: Техас,
Аляска, Калифорния және Мексика шығанағы болып таратылған.
     Газ. АҚШ-та табиғи газ қорлары 166 трлн. куб.фут немесе әлемдік қорлардың
3,3% деп бағаланады. АҚШ әлемде мұнайды өндіру бойынша екінші орынға
ие. (Ресейден кейін). Соңғы жылдары жаңа кен орындары Техас пен Мексика
шығанағында ашылған.
     Барлық өндірілген өнім құбыржелілер арқылы жағалауға жеткізіледі.
     АҚШ Канадамен құбыржелісі жүйесі бойынша бір-бірімен байланысқан,
онда 12%-дан астам табиғи газ тасымалданады. Мексика газ өніміне жеткілікті
потенциалға ие болғанымен АҚШ табиғи газды Мексикаға тасымалдайды.
     2002 жылы Мексика шығанағында 19 мұнай және газ кен орындары
пайдалануға енгізілген. Тек үш STAR платформалары ғана орналастырылған,
ұңғымалардың үлкен бөлігі су астында анықталған. 2003 жылы 17 кен орында-
рында игеру жұмыстары басталған, үш жүзбелмелі платформалар орнатылған.
2009 жылы 16 кен орындарын игеру жоспарлануда. Олардың STAR түріндегі

         545

МАЗМ¦НЫ
   540   541   542   543   544   545   546   547   548   549   550