Page 547 - indexf
P. 547

ты пайдалануға енгізу 2010 жылға жоспарлануда. Қазіргі кезде сұйық отынды
өндіру бойынша екі зауыт бар: оның біреуі – Малайзияда, екіншісі – ОАР-да.
Зауыт North ірі кен орнынан газ алатын болады. Sasof-Chevron компаниясы Ras
Laffan-да қуаты күніне 34 мың баррель өндіретін зауытты салуды жоспарлау-
да. Жобаның бағасы 800 млн доллар. Exxei Mobile компаниясы қуаты тәулігіне
80 мың баррель сұйық өндіру бойынша зауыт салуды пайдалануға енгізу 2007
жылға белгіленген.

     СПГ өндірісіне келгенде Катар 2011 жылға дейін өз өнім берулерін жылына
45 млн. тоннаға дейін жоғарылатады.

     Сауд Арабиясы
     Мұнай. Сауд Арабиясы мұнайдың дәлелденген қорының 264,2 млрд
барреліне ие, ол әлемнің төрттен бір бөлігін құрайды. Онда 80-нен астам мұнай
және газ кен орындары болғанымен, оның мұнай қорларының жартысынан
астамы 8: Air Dar, Ulhraaniah, Farzan, Ghavar, Al Udayliyah, Hawiyah, Haradh кен
орындарында шоғырланған. Тек бір ғана Ghavar кен орны елдегі мұнай өнімінің
тең жартысын қамтамасыз етеді.
     Сауд Арабиясы негізінен ауыр және жеңіл мұнайды өндіреді. Жеңіл мұнай
елдегі жалпы мұнай көлемінің 65-70%-ын құрайды. Аса жеңіл мұнай құрлықта,
орта және ауыр мұнай негізінен қайраңдарда: орта мұнай Ziluf кен орндарында,
ал ауыр мұнай Safa кен орнында өндіріледі.
     Бейтарап аумақта мұнайдың дәлелденген қорларының шамамен, 5 млрд
баррелі бар. Жапониямен бірлесіп мұнайды өндіру Khatji және Hout екі кен
орындарында жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Сауд Арабиясы Бахрейнмен
бірлесіп, Abu Safa қайраңды кен орнында мұнайды өндіреді.
     Сауд Арабиясы АҚШ-ты, Еуропаны және Жапонияны мұнаймен қамтамасыз
етуде басты рөл атқарады. Бірақ соңғы жылдары Батыс жартышар елдері (Ве-
несуэла, Канада, Мексика) АҚШ-ты мұнаймен қамтамасыз ету жағдайын Араб
елдеріне деген тәуелділіктен құтқарды.
     АҚШ-қа импорттауда Сауд Арабиясының мұнайының жалпы үлесі 2002
жылы 16,8%-ды құрады, ал 2001 жылы 17,3% болған. Мұнайдың 40%-ын, со-
нымен қатар мұнайды қайта өңдеу өнімдерінің үлкен бөлігін Сауд Арабиясы
Азияға экспорттайды. Мәні бойынша, екінші экспорттаушы – АҚШ, одан кейін
Еуропа елдері. Сауд Арабиясының мақсаты БАӘ шекарасында орналасқан
Shaybah кен орнын қоса отырып, жеңіл мұнай кен орындарын игеру.
     Араб мұнайының үлкен бөлігі Абакайкада дайындықтан өтіп, Парсы
шығанағынан экспортталады. Мұнай терминалдары Парсы шығанағының Раз
Танура жағалауында, Ras al-Juaymah және Янбиде Қызыл теңіз жағалауында
орналасқан. Терминалдардың жалпы өнімділігін мұнайды тәулік бойы 3,5-4
млн. баррельге көбейту. Соған қарамастан Сауд Арабиясы оңтүстік шығыстан
Йеменге дейін Араб теңізі арқылы құбыржелілердің құрылысын салуды
жоспарлауда.

         547

МАЗМ¦НЫ
   542   543   544   545   546   547   548   549   550   551   552