Page 548 - indexf
P. 548

Қазіргі кезде елде екі мұнай құбырлары әрекет етеді. East-West Crude Oil
мұнай құбыры негізінен жеңіл және аса жеңіл мұнайды тасымалдау үшін
қолданылады. Petroline 1981 жылы салынған, өнімділігі тәулігіне 1,85 млн. бар-
рель. Мұнай диаметрі 48 дюйм құбыр бойынша тасымалданады. 1987 жылы
диаметрі 56 дюйм парраллель құбыр тұрғызылған, оның өнімділігі күніне 3,2
млн. баррель. Янба портынан Азияға мұнайды жеткізу 5 күннен көп уақыт
алады, себебі танкерлер Баб эль-Мандеб бұғазынан өтуі керек. Сонда Парсы
шығанағынан мұнайды тасымалдау, кеме Ормуз бұғазысы арқылы өтеді, ол аз
уақытты талап етеді.

     Petroline мұнай құбырына парраллель өнімділігі күніне 290 млн. баррель
құбыржелісі арқылы өтеді. Сонымен қатар Сауд Арабиясының территориясы
бойынша, екі мұнай құбыры өтеді, олар бойынша тасымалдау 1990 жылдан
бастап жүргізіле бастады. Бұл Trans-Arabian Pipeline 1950 жылы Ливан
порттарынан Жерорта теңізі мен Иорданияға НПЗ-ға мұнайды тасымалдау
үшін арналған. Екінші құбыржелісі Иракпен шекарасындағы Қызыл теңізде
экспорттау терминалдарына дейін жалғасады.

     Газ. Газдың дәлелденген қоры 224,7 трлн. куб. футқа бағаланады. Бұл ел
әлемде Ресей, Иран және Катардан кейін төртінші орынға ие. Қорлардың үштен
екісі – ілеспе газдар. Ghawar кен орны елдің газ қорларының үштен біріне
ие. Табиғи газдың үлкен бөлігі Ghawar кен орнының мұнай өндіріп жүретін
құрылымдарының астында, газдың басқа үлкен кен орны Dorra, Khafji мұнай
кен орнының жанында орналасқан. Шетел компанияларымен бірігіп, газды кен
орындарын игеру: South Ghawar газ құбырларының, электр энергиясын өңдеу
бойынша екі зауыттың және басқа мұнай зауыттарының құрылысы; Қызыл
теңіздің жағалауындағы Barqan және Midyan және басқа да бірқатар ірі жоба-
лар жоспарлануда. Сауд Арабиясы 2009 жылға газды алуды күніне 15 млрд куб
футқа жеткізіп, оны үш есеге жоғарылатты.

     Бақылау сұрақтары:

     1.	 Әлем мұхитының қай континенталды қайраңдары өте бай аудандар болып са-
           налады?

     2.	 Каспий теңізінде Қазақстан секторының кен орындарды меңгеруінің болашағы
           қандай?

     3.	 Ресей және басқа елдердің ең үлкен қайраңды және теңіз кен орындарын
           атаңыз.

     4.	 Азия-Тынық мұхиты аймағы қайраңдарындағы аса ірі мұнай-газ кен орында-
           ры.

     5.	 Оңтүстік Америка және Солтүстік Америка қайраңдарындағы мұнай-газ кен
           орындары.

     6.	 Парсы шығанағындағы алып мұнай-газ кен орындарын атаңыз.

         548

МАЗМ¦НЫ
   543   544   545   546   547   548   549   550   551   552   553