Page 546 - indexf
P. 546

жаңа платформалар орнатылады. Қалған кен орындары не осы платформа-
ларға немесе бұрыннан бар платформаларға жалғанған болады. Ұңғымалардың
жерастында аяқталуын қолданумен кен орындарын игеруге мысал ретінде
келесілерді жатқызуға болады:

     •	 King 1800 м тереңдікте орналасқан және Marlin TLP платформасына
          жалғанған;

     •	 Aspen 1033 м тереңдікте орналасқан және Buiiw inkle платформасына
          жалғанған;

     •	 Navajo Nansen Star платформасына жалғанған және бір ұңғымадан
          күніне 50 млн. куб.фут газ өндіреді;

     •	 King Kong және Yosemite Aiiegheny TLP-ға жалғанған;
     •	 Sangria 500 м тереңдікте орналасқан және Salsa платформасына

          жалғанған;
     •	 Balboa 1167 м тереңдікте орналасқан және Boomvang SPAR платформа-

          сына жалғанған және т.б.

     20.3.4 Парсы шығанағы

     Катар
     Мұнай. Мұнайдың алынатын қорлары 15,2 млрд. баррель деп бағаланады.
Катардың ең ірі мұнай кен орны Dukhan құрлықта орналасқан. Сонымен қатар,
Катарда алты қайраңды: Bui Hanine, Maydan Mahzam, Id al-Shargi North Dome,
al-Shaheen, al-Rayyan және Al-Khalij кен орындары бар. Катар өндірілетін
мұнайдың барлығын Азияға экспорттайды.
     Аl-Rayyan кен орнын пайдалану 1996 жылы басталған. Ол күніне 25 мың
баррель мұнай өндіреді, ал 2011 жылға қарсы ол күніне 60 мың баррель мұнай
өндіруі керек.
     Газ. Катар Ресей мен Ираннан кейінгі газ қорларының көлемі бойынша
үшінші орынға ие ел болып табылады. 2015 жылға дейін 30 млн т/жылға дейін
өседі. Қорлардың аса үлкен бөлігі North қайраңды кен орнында шоғырланған.
     Катар “Dolphin” жобасын жүзеге асыруға кірісті, оған Шығанақ елдері
арасындағы бірінші суастындағы газ құбырын төсеу жатады. Ras Laffan-нан
райзерлі платформаға дейін теңізден жағалау бөлігінің ұзындығы Абу Дабу
жағалауында 340 км, құбырдың диаметрі 48 дюйм. 2015 жылға қарай құбыр
желісі бойынша экспортқа жылына 730 млрд. куб. фут тасымалдау жоспарла-
нуда.
     Алыстағы материктердің жағалаулы аудандарында орналасқан табиғи газ-
дың үлкен әлемдік резервтері және энергиятасымалдау алып жүргіштерге өсіп
жатқан қызығушылық соңғы кездері газды сұйық отынға түрлендіру бойын-
ша кәсіпорындардың кеңеюіне себепші болды. Бұл ауданның көшбасшылары
Shell және Sasof-Chevron компаниялары. Shell және Qatar Petroleum компа-
ния-лары Катарда сұйық отынды шығаратын зауыт салмақшы, ол туралы Shell
компаниясы 2002 жылы жариялаған. Өнімділігі тәулігіне 75 мың баррель зауыт-

         546

МАЗМ¦НЫ
   541   542   543   544   545   546   547   548   549   550   551