Page 549 - indexf
P. 549

Қорытынды

     Дүниежүзінің көптеген елдерінде өндірістік өнеркәсіптің өсуі адамзаттың
отынға, әсіресе мұнай мен газға деген үздіксіз артып келе жатқан қажеттілік-
теріне себепші.

     Теңізде іздеу-барлау, бұрғылау жұмыстары жүздеген мемлекетте жүргізіледі
және ол барлық континенттердің қайраңдарын қамтиды. 1986 жылы 2400 теңіз
мұнай және газ кен орындары ашылған болса, 1200 кен орын игерілуде болған.
Теңіз мұнай және газ кен орындарын игеруде үлкен серпіліс әсіресе солтүстік
теңізде технологиялық және техникалық мәселелерді шешу аймағында үдей
түсуде. Мұнай мен газды өндіру, терең суларда бұрғылау техникасы мен тех-
нологиясы аса жылдам екпінімен дамуда. Егер 1965 жылы бұрғылау жүргізуде
ең үлкен су тереңдігі 193 метр болса, онда 1979 жылы 1487 метр, ал келесі 10
жылда 2086 метр және одан да терең болды. Тереңдігі 1830 метр және одан
да көп терең суларда (2440 метрге дейін) ұңғымаларды бұрғылау кемелерде
жүргізілуде.

     915 метр және одан да терең су тереңдіктерінде пайдаланып бұрғылау
және мұнай газ өндіру үшін техникалық жабдықтардың модельді және толық
масштабты сынау жүргізілген-ді. Қазіргі кездегі пайдаланудағы теңіз кен
орындарының барлығы дерлік теңіз тұрақты платформаларда игерілуде. Теңіз
тұрақты платформасын орналастырудағы рекордты су тереңдігі 313 метрді
құрайды. Су тереңдігі 500 м дейінгі платформалардың бір қатары 1970-1980
жылдары солтүстік теңізде теңіз түбінде өзінің үлкен салмағының есебінен
тұратын гравитациялық типті темір бетонды платформаларда қондырылған.

     Шетел мамандардың пікірі бойынша серпімді типті тұрақты платформа-
ларды, керілген тіректері бар платформаларды жобалау мен конструкциялау
болашағы зор перспективалы бағыт болып табылады деп есептелуде.

     Терең сулардағы кен орынды меңгеру проблемалардың басқа шешімі сағалық
жабдықты тікелей теңіз түбіне орналастыру 01.01.96 жылы дүниежүзінің әртүрлі
аудандарында сағасы суастына орналастырылған 145 ұңғыма пайдалануда бо-
лып, 324 ұңғыма бұрғылаған. Осы уақыт ішінде ұңғыманы суасты пайдалану
әдісі оң нәтиже берді және суасты ұңғымаларды пайдаланған 16 жыл ішінде
ешқандай апаттар болмағанын көрсетті.

     Соңғы уақытта аз зерттелген және қоршаған орта жайлы нақты мәліметтерді
талап ететін солтүстік және арктикалық жағдайларда қайраңдық зоналардағы
кен орындарды игеруге қызығушылық арта түсуде. Солтүстік мұзды мұхиттың
теңіз акваторияларда ең маңызды проблемалар бұл мұздық жағдайлар және
судың тереңдігіне байланысты. Бұл аудандар жұмыс жағдайының әртүрлілігіне,
мұздық жағдайына, тереңдігіне, ағыстарына және жергілікті рельефіне бай-
ланысты сипатталады. Мамандар болашақта әрбір аудан жеке қарастырылуы

         549

МАЗМ¦НЫ
   544   545   546   547   548   549   550   551   552   553   554