Page 72 - indexf
P. 72

3.2-сурет. Тік қозғалыстар компенсаторы

     Шынжырлар жұлдызша (11) арқылы асырылып, гидропневматикалық ци-
линдрлер (7) штоктерінің (12) шеттеріне бекітілген. Шынжырлардың төменгі
шеттері (16) төменгі траверске (15) жалғастырылған. Компенсатордың бұндай
конструкциясы гидропневматикалық цилиндрлердегі поршеньдер жүрісімен
салыстырғанда (14) және (15) траверстер аралық қашықтықпен анықталатын
компенсатордың жүрісін екі есе көбейтуді қамтамасыз етеді.

     Цилиндрлердің (7) штоктық қуысы (18) жұмыс сұйығымен толтырылған, ал
қуыстар (19) сығылған ауамен, ауа компрессордан (2) немесе (1) және (4) баллон-
дардан пульт (3) арқылы жұмысқа қосылады. Траверстің (14) үстіне екі (әр ци-
линдрлерге (7) бір-бірден) май-ауалы резервуарлар (8) бөлетін поршеньдерімен
қондырылған. Бұл резервуарлардың сұйық кеңістігі цилиндрлердің (7), штоктық
қуыстарымен (19), клапан (10) арқылы жалғастырылған.

     Сығылған ауаның қысымы, жұмыс цилиндрлеріне түсетін күштер, жұмыс
сұйығының резервуарлардағы қысымы басқару пультінен бақыланады.
Жоғары қысымды шлангі (6) екі жақ шеттеріне автоматты тоқтатқыш клапан
(5) орнатылған. Шлангілер үзіліп (жұлынып) кеткенде олар жұмысқа кіріседі.
Тіркейтін көрсеткіш құралдар траверстер ара қашықтығы, ауа қысымы және
теңелту жүктемесі жөнінен мәліметтер береді.

         72

МАЗМ¦НЫ
   67   68   69   70   71   72   73   74   75   76   77