Page 73 - indexf
P. 73

Компенсатордағы бекіткіш (17) аркылы траверстер (14) және (15) бір-бірімен
жалғастырылады және тәл жүйесі құрлықтағы бұрғылау қондырғыларындағыдай
жұмыс жасайды.

     Компенсатор пневматикалық жүйесінің үлгісі (3.3-суретте) келтірілген.
Сығылған ауамен қоректендіру қос компрессорлармен (1), алыстан басқарылатын
қысымды реттеуіш (8) арқылы қамтамасыз етіледі.

3.3-сурет. Компенсатордың пневматикалық жүйесінің үлгісі

     Артық қысым кезінде автоматты реттеуіш (8) компрессорларды ажырата-
ды. Одан кейін, қолмен басқарылатын бас тоқтатқыш клапан (11) және қолмен
зарядтайтын клапан (16) арқылы, клапандар 4 және басқару желісімен (15),
баллонға (3) келеді. Резервтік желі (7) қолмен басқарылатын клапан 9 арқылы
ауаны, апаттық жағдайда клапан (10, 14 және 5) желілерімен резервуарлық
баллонға 2 беруге арналған. Ауа осы баллоннан жүйеге клапан (12) және алыстан
басқарылатын клапан (13) арқылы беріледі. Компенсатордың жұмыс кезінде ауа
клапан (19) арқылы қозғалады. Қасына автоматты редукциялы клапандар (20)
және қолмен басқарылатын клапан (21) қосылған.

     Құбырлармен (22) клапандар (27 және 28) арқылы икемді шлангілер (24)
және автоматты тоқтатқыш клапандар (31), құбырлар (36 және 40), ауа ком-
пенсатор цилиндрлеріне келеді. Құбырлар (26 және 40) үрлейтін клапанмен 30
жалғастырылған. Ауаның серпімділігі әсерінен цилиндрлер (39) поршеньдердің
синхронды қозғалуын қамтамасыз ету үшін, жүйе төмен қысымды аккуму-
ляторлармен (25) жабдықталған. Май цилиндрлердің штоктық қуыстарынан
желілер (37) дроссельдер (38) арқылы аккумуляторлардың май қуысына (35)
жылжиды. Поршеньдердің төмен жүрісінде майдың аккумуляторлардан кейін

         73

МАЗМ¦НЫ
   68   69   70   71   72   73   74   75   76   77   78