Page 75 - indexf
P. 75

Әлем тәжірибесінде 760 м тереңдікке дейін кемеге ілінген және ұңғымадан
ажыратылған қадаушадан болатын қиындықтар байқалмаған. Бірақ, өте терең
теңіздерде тік тербелістер әсерінен қадаушада айтарлықтай кернеулер пайда бо-
лады. Бұрғылау жағдайын анықтағанда ең негізгі міндет, ұңғыманың оқпаны тік
болуы тиіс, яғни кемеге ағыстың жылдамдығын ескеріп, бұрғылау тізбегінің тік
ілініп тұруын, қамтамасыз ету керек, Терең су акваторияларындағы ұңғымаларды
тұрғызудың технологиялық ерекшелігі, арнайы техникалық құралдарды жасау-
ды талап етеді, оның ішінде: су асты саға жабдықтарының кешені, алыстан
басқару және бақылау жүйелері; жобаланған ұңғымалар конструкцияларына
сәйкестендіріліп жасалған шегендеуші тізбектер, аспалы түйіндерінің арнайы
кешені мен түсіріп-көтеру аспабы, оның көмегімен шегендеуші құбырларға бұл
түйіндерді түсіру және бекіту жүргізіледі.

           3.11 Жүзбелі бұрғылау қондырғыларында қолданылатын
                                технологиялық жабдықтар

     Теңіз ұңғымаларын бұрғылаудың құрлықтағы ұңғымалармен салыстырғанда
айырмашылығы шамалы (ерекшелігі тек су астындағы жабдықтың
қолданылуында). Сондықтан, теңіз бұрғылау қондырғыларын жинақтау үшін
құрлықтағы бұрғылау жұмыстарында қолданылатын сериялы, стандарт-
ты түйіндер мен жабдықтарды пайдалануға болады ЖБҚ-да қолданылатын
технологиялық жабдықтың негізгі ерекшеліктері:

     1.	 Бұрғылау қондырғысының шайқалу кезінде, теңселуімен байланысты,
          құрлықтағыдай жуу сұйығының ашық айналым жүйесін қолдануға бол-
          майды. Жуу сұйығының айналымы жабық жүйеде жүргізілуі тиіс.

     2.	 ЖБҚ-да толқын әсерінен пайда болған тік теңселуді теңелту үшін, ар-
          найы бұрғы мұнарасында орналасқан қозғалмалы кронблокқа (немесе
          таль блогы мен ілмек арасында орналасқан) ауысымды құрылғы ком-
          пенсатор қондырылады.

     3.	 Көтеріп-түсіру операциялары кезінде негізінен кассетті түрдегі
          механикаланған текшелер (стеллаждар) қолданылады.

     4.	 Барлық механизмдерге жетектеуші ретінде электр-қозғалтқыштар
          қолданылады.

     5.	 Таяз ұңғымаларды қазғанда бұрғылау тізбегі ретінде шлангокабель
          қолданылады. Мұндай құбырлардың иілімділік қасиеттеріне байланыс-
          ты, аспаптың теңселуі мен орын ауыстыруы тиісті шешімін табады.

     Теңіз ұңғымаларын бұрғылау жұмыстарын жүргізгенде, міндетті түрде, су-
асты сағалық жабдықты орнату қажет. ЖБҚ бұрғылау нүктесіне орнатылғаннан
кейін, одан теңіз түбіне (3.4-сурет) бағыттаушы арқандармен (2) уақытша суасты
негізі (тұғырнама) түсіріледі. Суасты негізі төртбұрышты қорапқа ұқсас пісірілген
конструкция. Оның ортасына, жоғары жағы конус тәрізді төлке (3) орналасқан.
Негіз бұрыштарына қысқа таяқшалар (5) бекітілген, олар арқылы бағыттаушы

         75

МАЗМ¦НЫ
   70   71   72   73   74   75   76   77   78   79   80