Page 77 - indexf
P. 77

Бағыттаушы тізбекті орнатқаннан кейін, бағыптаушы арқандардың тұрақты
түйінін жинақтайды. Бұл түйін төртбұрышты қырлары бар тегіс рамадан
тұрады, оның қырлары сфераға сәйкестендіріліп егелген. Бұл жағдай тізбекті
конусқа орнату кезінде теңіз түбінің тегіс болмауынан пайда болатын суасты
негізінің көлденең ауытқуын теңестіруге мүмкіндік береді. Рама бұрыштарына
арқан бойлай өтетін тілігі бар бағыттаушы өзектер орналасқан, оның орталық
бөлігіне бағыттаушы тізбектің жоғары кұбыры бекітіледі. Бұрғылау құбырларын
бағыттаушы тізбектен ажыратқаннан кейін, оларды ЖБҚ-на көтереді, сонан
кейін ашылатын бағыттаушы кронштейндерді пайдаланып, сағалық құбырлар
орнын қазуға арналған кашау түсіріледі. Сағалық құбырлар орнын қазғанда
бұрғылау сұйығы сораптармен бұрғылау тізбегіне айдалып, су асты қадаушасы
арқылы кемеге қайта оралады.

     Бұл жағдайда ұңғыма сағасына САСЖ орнатылады. САСЖ Құрамына 7-14
МПа қысымға есептелген әмбебап превентор, оның үстіне топсалы қосылғыш
түиіні қондырылған. Қосылғыш арқылы САСЖ-пен суасты қадаушасының
төменгі шеті жалғанады. Сағалық тізбекті түсіргеннен кейін, оны гидравликалық
сынаудан өткізеді. Сағалық тізбектің астын бұрғылау мақсатында, ұңғыма
сағасын негізгі превенторлық жабдық жинағымен герметизациялайды. Мұндай
жинақтың массасы 227 т.

     Оның құрамына төрт қыстырмалы және екі әмбебап превенторлар кіреді.
Қыстырмалы превенторларға құбырлық, тұтас және құбырларды кесіп, онан
кейін, ұңғыманы герметизациялайтын кескіш қыстырмалар орнатылады. Топса-
лы қосылыс суасты қадаушасының, превенторларға салыстырмалы ауысуын әр
бағытта 100 шегінде қамтамасыз етеді.

     Сағалық тізбектің жоғарғы жағына шегендеуші тізбектерді асуға арналған
тізбектік ұш орнатылады. Мұндай тізбектік ұштары 3; 5; 7,0; 14; 35; 70 МПа
ішкі жұмыс қысымына есептелген және өту қималары әр түрлі диаметрлі
түрде өндірісте шығарылады. Бұл тізбектік ұштар екі немесе үш шегендеуші
тізбектерді асуға мүмкіндік береді.

     ЖБҚ-лардан бұрғылау жұмыстарын жүргізгенде суасты қадауша
конструкциясының маңызы зор. Әдетте, қадауша жоғары шеті жүзбелі
қондырғыға бекітілген және теңіз түбіндегі ұңғыма сағасына дейін түсірілген
үлкен диаметрлі, ұзын қуыс құбыр. Бұрғылау кезінде қадаушадағы созылу
күшінің төмендеуін теңелту үшін (3.5-сурет) суасты ұңғыма сағасына превен-
тор блогынан (2) жоғары, келте құбыр (3) жалғанады; оның жоғары шетіне теле-
скопиялы түрде су асты кадаушасының (кеме тұрқына бекітілген 5) төменгі шеті
(4) енгізіледі. Қадауша өз салмағымен созылады.

     Бірақ, желдің, толқынның, суасты ағыстың, сыртқы теңіз суы және
қадаушаның іші арқылы көтерілуші бұрғылау сұйығының қысымдары – созылу
күшінің мәнін төмендетеді.

         77

МАЗМ¦НЫ
   72   73   74   75   76   77   78   79   80   81   82