Page 74 - indexf
P. 74

кері жылжуы, кері клапан (34) арқылы болады. Ауаның тұрақты қысымы (35)
аккумуляторлардағы қысым реттеуіш (32) арқылы қуатталады. Ауа қолмен
басқарылатын (33) клапаны арқылы беріледі.

     Жүйені зарядтау үшін, ауа клапан (16), құбырлар (17), клапандар (18) және
(25), жалғанған құбырлар (23) арқылы беріледі. Дроссельдер (26) зарядтың
ақырын жүргізілуін қамтамасыз етеді. Жұмыс қысымы қажет шамаға келгенде
кері клапандар (28) және (29) ашық күйге келтіріледі және жүйе жұмысқа дайын
болады.

              3.10 Бұрғылау кемелерімен бұрғыланатын ұңғымалар
                              құрылысының ерекшеліктері

     Шетелдерде бұрғылау кемелерімен ұңғымаларды бұрғылау су тереңдігі
6145 м дейін шамада жүргізілді. Бұның бәрі сенімді технологиялық жабдықтар
мен жүйелерді құру арқылы іске асты. Соның ішінде: қазылып жатқан ұңғыма
оқпанына қайтадан түсу; бағдарлау жүйелері, динамикалық тұрақтандыру
жүйелері, сағалық жабдықтар түйіндерінің жүйелері, бақылау және жүйелері
т.б. Мысалы, бір ауданда су тереңдігі 4200 м ұңғыманы бұрғылау кезінде
оқпанға кайтадан кіру 9 рет қайталанған. Оқпанға дәл кіру уақыты 5 минуттан
10,5 сағатқа дейін, ал орташа – 2 сағатқа созылды.

     Берілген ауданда бұрғылау кемесінің түрін таңдағанда қоршаған ортаны
мұқият зерттейді және сенімді мәліметтер бойынша бұрғылау кемесінің қажет
параметрлері мен техникалық сипаттамаларын анықтайды. Олар, бұл ауданда
ұңғыманы тұрғызу технологиясы талаптарына сәйкес болуы тиіс. БК-ін терең
акваторияларда қолданумен байланысты динамикалық тұрақтандыру жүйесінің
сенімділігіне, қозғалтқыштар қуатына және т.б. ерекше көңіл бөлінеді. Суасты
саға жабдықтарының кешенін таңдап алу өте маңызды орын алады.

     Күшті ағысты терең сулы акваторияларда ағыс жылдамдығының теңіз
тереңдігіне тәуелділігінің графигін тұрғызып зерттейді; оның ішінде 80%
уақытты алатын және, кеме тұруға мәжбүр ететін максималды жылдамдық
мәндерін анықтайды. График бойынша ең жоғарғы ағыс жылдамдығын тауып,
жылдамдықтың кай мәнінде кемеде бұрғылауды жалғастыруға болатындығын
анықтайды. Бұдан басқа, теңіз қадаушасының әр түрлі ағыс жылдамдығының
өзгеруін және кеменің тік бағыттан (ұңғыма сағасынан) ауытқуын талдау
нәтижесінде, қадаушаға орнатылатын оңтайлы айналып аққыштар санын және
оларды түсіруге қажет уақытты анықтайды. Сонымен қатар, су астындағы саға
жабдықтарына берілетін жүктемені анықтап, кеменің тұрған кездегі ұңғыма
сағасынан ауытқуын бағалайды. Ауытқу мәні шамадан жоғары болса, теңіз
қадаушасы ажыратылып кетуі мүмкін. Сонымен қатар, ұңғыма сағасынан
қадаушаны ажыратқандағы кеме жағдайын талдап қадауша мен кеменің
САСЖ байланысты ауысуларын және қадаушаның әр бөлігіндегі кернеулерді
анықтайды.

         74

МАЗМ¦НЫ
   69   70   71   72   73   74   75   76   77   78   79