Page 79 - indexf
P. 79

қосымша құбыр енгізіледі. Сонымен қатар, тұрықтың ішкі бетімен қадаушаның
төменгі шетінің сыртқы беті арқылы құрылғылар орнатылады. Тағы бір вариант-
та поршеньнің жоғары бөлігіне теңіз суы қысымы жоғары камераға тұрықтың
арнайы каналы арқылы еніп, әсер етеді. Суасты қадаушаларының кемшілігі
ретінде жуу сұйығының сақиналы кеңістікте (қадаушаның ішкі және бұрғылау
тізбегінің сыртқы қабырғалары аралығы) көтерілуі телескопиялық қосылыста
саңылаулардың пайда болуымен байланысты.

     Қадаушаның телескопиялық қосылысы – төменгі шетінде бағыттаушы
қырлары бар ішкі құбырдан және оған центрлес орналасқан сыртқы құбырдан
тұрады. Екі құбырда қадаушаның жоғарғы және төменгі бөлігіне болттық
қосылыстармен жалғасқан. Қадаушаның сыртқы құбырына дифференциалды
поршень механизмі бар цилиндр жалғасқан; үлкен поршеньнің астындағы ка-
мера сақиналы кеңістікпен (телескоптық қосылыстағы ішкі құбырдың сыртқы
беті мен сыртқы құбырдың ішкі беті аралығы) байланысқан. Екі поршень өзара
штокпен цилиндр қабырғасындағы тесік арқылы байланысады. Дифференциал-
ды поршень механизмінің поршень үстіндегі кеңістігі жұмыс сұйығымен
толтырылған және қосылыстың сыртқы құбырының ішкі бетіндегі эластикалық
материалдан жасалған камерамен жалғасады. Жуу сұйығын айдағанда оның
көтерілу ағыны дифференциалды поршень механизмі үлкен поршенінің
үстіндегі кеңістігіне енеді. Кіші поршеньнің әсерімен эластикалық камераға
бағытталады.

     Бұл жағдайда эластикалық камераның қабырғалары кеңейіп, телескопиялық
қосылыс ішкі құбырының сырт бетіндегі нығыздаушы элементтерге тығыз
қысылады.

     Қондырғының, онымен бірге бұрғылау тізбегінің тік ауысулары қашауға
берілетін жүктеменің кенет өзгеруіне және қашаудың ұңғыма түбінен жоғары
кетерілуіне соқтырады. Бұл жағдайды болдырмау (немесе қашауды берілген
жүктемемен тұрақты ұңғыма түбіне қысып ұстау) үшін бұрғылау тізбегіне тік
ауысымды компенсатор орнату қажет. Мұндай компенсатор – телескопиялық
қосылыс жоғарғы (цилиндр) және төменгі (поршеньді шток) екі бөліктен тұрады.
Олар қосылыстың жүріс шегі аралығында өзара ауысуды қамтамасыз етеді.
Жүзбелі платформадан бұрғылау кезінде, оның толқындар әсерінен тік ауысу-
ларына байланыссыз, қашауға жүктемені тұрақты ұстауға арналған құрылғыны
(3.6 а-сурет) қараймыз. Таль блогыне цилиндр (1) асылған, оның штогі (2)
бұрғылау тізбегімен жалғасқан. Платформада екінші цилиндр (4) орналасқан.
Цилиндрдің штогі (5) икемді байланыс (сым арқан) (6) арқылы теңіз түбіне не-
месе сағалық ұштың негізіне зәкірленген. Бірінші цилиндрдің төменгі және
екінші цилиндрдің жоғарғы кеңістіктері өзара икемді шлангімен (8) жалғанған.
Бұл желіге клапан орнатылған. Кеңістіктерде тұрақты қысымды ұстау және
бұрғылау тізбегіне (оның салмағымен қашауға жүктеменің айырымына тең)
тік күшті қамтамасыз ету үшін, олар гидравликалық сорабпен (9) байланыса-
ды. Екінші цилиндрдің төменгі кеңістігі қысылған газ көзімен (10) қосылуымен

         79

МАЗМ¦НЫ
   74   75   76   77   78   79   80   81   82   83   84