Page 91 - indexf
P. 91

Ферменді тіректердің конструкциясын тікбұрышты, квадрат және
үшбұрышты етіп жобалайды. Ең жақсы конструкция – үшбұрышты қималы
тірек. Онда толқын әсерлеріне ұшырайтын элеметтер саны аз.

     Тіректердің аяқ жағы табандармен башмактармен бекітіледі немесе оларды
жалғайтын тіректі плитамен бекітіледі.

     Сонымен қатар көтеріп түсіретін құрылғылар болады, олар тіректерді 0,46-
1,37 м/мин жылдамдықпен түсіріп, көтереді.

        4.1 Өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғыларының
                               технологиялық жабдықтары

     Теңіз акваторияларында бұрғылау жұмыстарын жүргізу тәжрибесі жүзбелі
бұрғылау қондырғыларына қойылатын бірқатар талаптарды:

     -	 ұңғыманы бұрғылау кезінде бұрғылау қондырғыларының жоғарғы
          өнімділігін;

     -	 ұңғыманы бұрғылап аяқтаған соң ӨК ЖБҚ-ын жаңа нүктеге жылдам
          орнын ауыстыруын;

     -	 аса қашық емес, жақын арақашықтыққа жүзілуін;
     -	 осы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуін;
     -	 автономдылығын, яғни дұрыс бұрғылауға жеткілікті материалдар

          қорымен және қызмет көрсету персоналын қажетті тағамдармен, ауыз
          сумен, тұру жағдайларымен қамтамасыз етеді.

4.3-сурет. «Бакы» ӨК ЖБҚ-да мұнараның айналасы

         91

МАЗМ¦НЫ
   86   87   88   89   90   91   92   93   94   95   96