Page 92 - indexf
P. 92

Мұнара айналасында (4.3-сурет): бұрғылау мұнарасы тәл арқанның жылжы-
майтын соңын бекіту механизмі (1), қосымша шоғыр (2), машиналық кілттерге
арналған тұрық (3), ауырлатылған бұрғылау құбырларына арналған кассета (4),
бұрғылау тізбегінің свечаларын қолмен ауыстыру подсвечнигі (5), тәл блогының
көтерілуін шектеуші (6), ротор (7), бұрғылаушының негізгі пульті (8), бұрғылау
шоғырының электр жетегі (9), ауа жинағыш (10), қашауды беру реттегіші (11),
ЛБУ-1700 бұрғылау шоғыры (12), АКБ-3М2 кілті (13), пневмотаратушы (14),
КИП бар кабина (15), свечаларды автоматты түрде тарату дүкені (16), ТКО-ны
басқару пульті (17) және қосымша шоғырды басқару пульті (18) жабдықтары
орнатылған.

     Технологиялық жабдықтар кешені:
     -	 ұңғыларды бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғысынан;
     -	 бұрғылау ерітіндісін беруге, дайындауға, сақтауға және оның

          бұрғыланған жыныстан тазартуға арналған жабдықтардан;
     -	 ұнтақ тәрізді материалдарды сақтау жабдығынан;
     -	 ұңғыны бекіту кезінде цемент ерітіндісін дайындау және айдау

          жабдығынан;
     -	 ұңғымада электрометрлік және каротажды жұмыстарды жүргізу

          жабдығынан;
     -	 суасты саға жабдығынан;
     -	 ұңғыны игеруге арналған жабдықтан;
     -	 қосымша қондырғылардан (көтергіш крандар, кіші механизация

          қондырғылары т.б.);
     -	 теңіз ластануынан сақтау жабдығынан;
     -	 ұңғыны құру кезінде технологиялық үдерісін бақылау және басқару

          жүйелерінен тұрады.
     Бұрғылау мұнарасында (4.4-сурет): кронблок (1), свечаларды тасы
механизмінің балконы (3), тәл арқанында қыстырылған тәл блогы және свеча-
ларды көтеру және қысу механизмі (4), автоматты элеватор және вертлюг (5)
қондырылған.
     Свечаларды қолмен орнату кезінде тәл блокпен автоматты элеватор орнына
ілмек блогын қолданады. Осыдан басқа мұнарада монтажды блок, жылжыма-
лы орталағыш (2), төменгі блок, жапқыш, машиналар кілттерінің жапқыштары
және т.б. бар.
     Негізгі палубада көлемі 120 м3 болатын жұмыс сыйымдылықтар блогы
бар айналдыру жүйесі, блоктарда: өнімділігі 50-60 л/с бұрғылау ерітіндісін
тазалаудың елегіші, бұрғылау ерітіндіні газдан айыру үшін вакуумды дегазатор,
құмайырғыш, су араластырғышқа суды немесе ерітіндіні берудің шламды со-
раптары, механикалық араластырғыштар, гнидравликалық араластырғыштар
орнатылған.
     Кранның қызмет көрсету аумағында бұрғылаудан шыққан жыныстың шла-
мын жинау және оны жағалауға апару үшін арнайы контейнерлер орнатылған.

         92

МАЗМ¦НЫ
   87   88   89   90   91   92   93   94   95   96   97