Page 501 - indexf
P. 501

күшеюі арқылы көрініс береді. Гипервентиляцияға жауап ретінде
қандағы рН жоғарылауы және оксигемоглобин түзілуі орын алады.
Екіншіден, қанның оттектік сыйымдылығы жоғарылайды, қанның
қордағы мөлшерден (деподан) рефлексті түрде айдалуы жүреді.
Үшіншіден, қан ағымы артады, яғни рефлексті түрде жүрек соғуы
жиілейді және минуттық қан көлемі жоғарылайды. Осылардың
барлығы ұлпаларға, әсіресе, миға, жүрекке және бұлшық еттерге
оттегінің (О2) жеткізілуіне әкеледі.

    Гипоксияға бейімделу үшін спортшыларды дайындауда орта
биіктік жағдайында жүргізілген жаттығуларды қолданады. Әсіресе,
мұндай жаттығуларды адаптогендер пайдалана отырып, циклдік
спорт түрлерінде қолданылу көрсетілген.

    Д. М. Мельников еңбегінде гэль футболына арналған алаңда
өткізілетін көгалдағы хоккейге ұқсас ирландтардың байырғы ойы-
ны керлинг (ағыл. curling, curl – айналдыру) спорттық ойынының
физиологиялық сипаттамасы берілген. Керлинг жарысы ациклдік
және циклдік қозғалыстардан тұрады. Бұл ойынның басты ерекше-
лігі ойын кезеңдерінің қатаң тәртіппен кезектесуі болып табылады.
Ойын әрекетінің үнемі ауысып отыруынан олжарылыстық спорт
түріне жатады. Барынша энергия жұмсалатын кезең – ойын алаңын
жалтырату кезінде ЖЖЖ 170-190 екп/мин. болады және энергия
жұмсау субмаксималды қуаттылықты (450 Вт дейін) жұмыстарға
сәйкес келеді. Жүрек-тамыр жүйесінің қызметі де орындалатын
жұмыс қуаттылығымен синхронды өзгеріп отырады. Сонымен
қатар жас балаларда берілген жұмысты орындау кезінде қан айна-
лым мүшелерінің қызметтік қорларын пайдалануының аз тиімділігі
орын алады. Оттегіні пайдалану көрсеткіштері өзгерістері (0,25-тен
1,40 л/мин-қа дейін) айтарлықтай емес. Бұл жарыста анаэробты
режимнің басым болатындығын дәлелдейді. Төзімділіктің аралас
типін дамытатын спорт түрлерімен ұзақ уақыт жаттыққан спортшы-
лар неғұрлым жақсы көрсеткіштерге жеткен.

           501

⇐ МАЗМҰНЫ
   496   497   498   499   500   501   502   503   504   505   506