Page 500 - indexf
P. 500

Өкпе вентиляциясы жүгірістің темпіне (жылдамдығына) және
трасса профиліне байланысты 80-нен 120-140 л/мин, ОМП ерлерде
77 мл/кг/мин, ал әйелдерде 58 мл/кг/мин. болады.

    ЖЖЖ тыныштық күйде 45-60 екп/мин, ал жарыс (жүгіріс)
кезінде 160 екп/мин және одан жоғары болуы мүмкін.

    Альпинизм спорттың жазда және қыста тауға, шыңға, мұзға,
мұздақ қар, қарда жаяу, шаңғымен жүріп, өрмелеп көтерілу түрі.
Тәжірибеде альпинизмнің барлық түрі бірге қолданылады. Атауы
Еуропа құрлығындағы «Альпі» тауынан шыққан.

    Биік тауға тау етегі айналымы 2000 м-ден жоғары болатын
қыраттар мен тау бастары жатады. Жеке таулар, таулар тобы және
таулар тізбегі болады. Тау беткейінің түрлі формалары шыңға
өрмелеушінің алдына көптеген міндеттер қояды. Биіктікке бай-
ланысты жұмыстар максималды, субмаксималды және жоғары
қарқындылықты болуы мүмкін. Ұлпалар гипоксиясы мен гипок-
семия байқалады. Өрмелеу кардиореспираторлық жүйелерге үлкен
сұраныстар артады, осыған орай өкпелік вентиляция, ТЖ, ЖЖЖ
дереу артады. Жұмыс аэробты-анаэробты режимдерде өтеді, алай-
да, неғұрлым биіктік жоғары болған сайын, соғұрлым анаэроб-
ты жұмысқа қабілеттілік пайызы көп болып келеді. Қанда лактат
мөлшері дереу артады, оттектік қарыздылық көп болады. ЖЖЖ 160-
190 екп/мин және одан жоғары мәнге жетуі мүмкін.

    Неғұрлым биіктік артқан сайын, соғұрлым парциалдық қысым
айтарлықтай азаяды. Мәселен, 2500 м биіктікте қалыптағыдан
(норма – 760 мм cынап бағанасы) 2/3 дейін, 5500 м биіктікте – 1/2,
ал 7500 м биіктікте 1/3 дейін, яғни 280 мм сынап бағанасы дейін
түседі. Жұмысқа қабілеттілікке температураның төмендеуі, төмен
абсолютті ылғалдылық, жоғары күн радиациясы, күшті жел және т.б.
факторлар ықпал жасайды. Барлық аталмыш факторлардың үйлесуі
биік таулы климатты сипаттайды.

    Атмосфералық ауадағы оттегінің парциалдық қысымының
төмендеуі барысында ол альвеолалық ауада да азаяды. Осыдан
ұлпалар гипоксиясы мен гипоксемия туындайды. Бұған әсіресе,
дене жүктемелерін орындау кезінде бұлшық ет ұлпалары мен және
одан да жоғары дәрежеде ми ұлпалары ұшырайды.

    Ұлпаларда гипоксемия мен гипоксия туындауына организм
компенсациялық реакциялар арқылы жауап береді. Бұл, біріншіден,
өкпе вентиляциясы (ТЖ жиілеуі, тыныс алу тереңдігі ұлғаяды)

           500

⇐ МАЗМҰНЫ
   495   496   497   498   499   500   501   502   503   504   505