Page 499 - indexf
P. 499

құралдарсыз жасалатын гимнастикалық қозғалыстардан кейін 85%-
ға жетсе, ал снарядтармен орындалатын жаттығулар кезінде 98%-ға
дейін жоғарылайды.

    Мәнерлеп сырғанау. Мәнерлеп сырғанауда орындалатын
элементтердің темпі, ырғағы, күрделілігі музыканың қостауымен
қатар жүреді. Мәнерлеп сырғанау жеке сырғанау (ерлер мен әйелдер),
жұптасып сырғанау мен мұзда орындалатын спорттық билерден
тұрады. Энергия шығыны орындалатын жаттығулардың түріне,
олардың күрделілігіне, темпіне және т.б. басқа факторларға байла-
нысты. Мысалы, мұзда билеуге қарағанда жеке сырғанауда (еркін
программа) және жұптасып сырғанауда (ерлерде) энергия шығыны
жоғары болады.

    Энергия шығыны 3000-4100 ккал дейін болуы ықтимал. ОМП 58
мл/мин/кг тең. Өкпелік вентиляция 80-160 л/мин. және одан жоғары
болуы мүмкін, оттегіні пайдалану 4,0-4,5 л/мин. болады. Әсіресе,
жеке сырғанаудағы сияқты жұптасып сырғанудағыдай еркін про-
граммаларды орындау кезінде оттектік қарыздылық тән келеді.
ЖЖЖ тыныштық күйде 45-50 екп/мин, ал сырғанау кезінде 160-180
екп/мин және одан да жоғары мәнге жетуі ықтимал. Қандағы лактат
концентрациясы 14-18ммоль/л және одан жоғары мәнге дейін арта-
ды.

    Спорттың басқа түрлері
    Спорттық бағдарлау алдын ала белгіленген орындарды
қатысушылар карта мен компас қолдана отырып, барынша тез табуға
тырысатын спорттық жарыс түрі. Бұл спорт түрі спортшылардың
төңіректі бағдарлау қабілеті мен жүгіру дайындығын талап етеді.
Трасса, яғни жолдың, каналдың картаға түсірілген негізгі ар-
насы көбіне, орман белдеуінен өту керек және мүмкіндігінше
қатысушылар үшін таныс емес жерлерде болған дұрыс. Бағдарлауға
күш салу тынығумен, ал дене жүктемесі зейінді шоғырландыру
қажеттілігімен алмасып отыратын таза ауада интервалды жүгіріс тән.
Бұл спорт түрі кардиореспираторлық жүйеге жағымды ықпал етеді
және шұғылданушының жұмысқа қабілеттілігі мен денсаулығын
жақсартатын тамаша амал болып табылады.
    Энергия шығыны трасса профиліне, спортшының дайындығына,
яғни жаттығу дәрежесіне және ауа температурасына байланысты
3500-5000 ккал болады. Ерлерге қарағанда әйел адамдарда энергия
шығыны 15-20%-ға азырақ.

           499

⇐ МАЗМҰНЫ
   494   495   496   497   498   499   500   501   502   503   504