Page 498 - indexf
P. 498

Күрделі техникалық спорт түрлері. Гимнастиканың
               физиологиялық сипаттамасы

    Спорттық гимнастика – денсаулықты нығайтуға, адамның
қимыл қабілеттерін жетілдіруге және дененің үйлесімді дамуына
бағытталған арнайы дене жаттығуларының жүйесі. «Гимнастика»
түсінігі аясына спорттық және көркем гимнастика, спорттық акро-
батика кіреді.

    Спорттық гимнастикада ер адамдар алты, ал әйел адамдар төрт
снаряд қолданады.

    Гимнасшы жаттығулары қозғалыс аппаратын жетілдіруге
бағытталған. Энергия шығыны гимнастикалық жаттығулардың
қысқа мерзімде орындалуына байланысты айтарлықтай болмайды.
Тек жаттығуларды көп рет қайталағанда, күніне жаттығуды 2-3 рет
орындаған кезде ғана әйел адамдарда 3000-3600 ккал, ал ерлерде
3600-4200 ккал тең болады. Ер адамдарда ОМП 60 мл/мин/кг.

    Қозғалыстың сан алуан болуымен, кеңістіктегі дене күйімен
және статикалық қалыптың болуымен байланысты тыныс алу
аппаратының жұмысына белгілі бір қиындықтар туындайды. Ты-
ныс жиілігі, тереңдігі, ырғағы орындалатын жаттығу техникасының
ерекшеліктеріне байланысты келеді. Кейбір жаттығулар тыныстың
кідіруі және күштену кезінде орындалады. Гимнастикалық
жаттығуларды орындау кезіндегі газ алмасу мөлшері қозғалыс си-
патына және жұмысқа тартылған бұлшық еттер топтарына тәуелді
келеді.

    Жаттығуларды орындауға жүрек-тамыр жүйесінің реакциясы
әртүрлі. Мәселен, акробатика, секіру, жүгірулері көп құралдарсыз
жасалатын гимнастикалық қозғалыстарды (еркін жаттығуларды)
орындау кезінде пульс 160-180 екп/мин және одан жоғары мәнге
дейін жиілейді, артериялық (систолалық) қан қысымы 130-150 мм
сынап бағанасы дейін жоғарылайды.

    Сыртқы тыныс алу қызметі жоғары көрсеткіштер көрсетпейді,
бұл статикалық күйдің көп болуымен байланысты, ал динамикалық
жаттығулардың қысқа мерзімде орындалатыны белгілі. Құралдарсыз
жасалатын гимнастикалық қозғалыстар кезінде ТЖ соншалықты
организмнің оттегіге сұранысымен емес, сол немесе басқа да
жаттығуларды орындаудан туындаған тыныс алу мүшелерінің
биохимиялық өзгерістерімен анықталады. Оттектік қарыздылық

           498

⇐ МАЗМҰНЫ
   493   494   495   496   497   498   499   500   501   502   503