Page 496 - indexf
P. 496

Бокс кең тараған жекпе-жек түрі. Бокспен шұғылдану үшін
үлкен шыдам, күш, ержүректік, ептілік, беріктік, тез шешім
қабылдаушылық, сонымен қатар басқа да арнайы сапалар қажет.

    Энергия шығыны жұмыс қарқындылығына байланысты, ол
аз салмақ категориясындағы спортшыларда көбірек келеді және
минутына 15-25 ккал болады. Жалпы алғанда, жаттығудан кейін
энергия шығыны салмақ категориясына, сыртқы орта температу-
расына және спортшының жаттығу дәрежесіне байланысты 3700-
6000 ккал құрайды. ОМП 55 мл/мин/кг тең. ТЖ минутына 35-50-ге
жетуі мүмкін болса, ал өкпелік вентиляция 80-нен 120 және одан
да көп литрді құрайды. Оттегіні сіңіру 4-5 л/мин. тең әрі оттектік
қарыздылық тән. Боксшыларда ӨТС орта есеппен, 3500-4500 мл.

    ЖЖЖ-не баяулау тенденциясы тән, тыныштық күйде 45-55 екп/
мин. Ұрыс кезінде ЖЖ 180-200 екп/мин. және одан жоғары мәнге
жетуі мүмкін. Ұрыстан кейін қандағы лактат мөлшері дереу артады
да, 8-12 ммоль/л және одан жоғары болады.

    Сайысу (семсерлесу) – спорттық суық қарулардың бір түрімен
жекпе-жек негізінде жатқан спорт түрі. Сайысу сабақтары
шапшаңдықты, ептілікті, төзімділікті, өзін-өзі ұстауды, күрделі
жағдайларда қас қағымда шешім қабылдауды және тез әрекет етуді
дамытады.

    Рапира, сапы (шпага) немесе қылышпен сайысуда спортшының
мақсаты берілген уақытта қарсыласына көп соққы санын беріп не-
месе түйреп үлгеру.

    Қазіргі кезде сайысуда рапира, шпага және қылыш сияқты қару
түрлері қолданылады. Үшкір қылыш пен семсер – шаңышқылы,
қылыш – жарғыш қару. Рапира мен шпага арқылы сайысуда элек-
троаппаратура қолданылады, яғни түйрегеннен соң электр тізбегі
тұйықталады да кішкентай лампы жанады.

    Ұрыс кезінде ЖЖЖ артады да, 160-180 екп/мин. және одан
жоғары мәнге жетуі ықтимал. ОМП ер адамдарда 56 мл/мин/кг, ал
әйелдерде 44 мл/мин/кг.

    Сайысуда көру, тепе-теңдік және қимыл аппараттарының маңы-
зы зор. Көру қабылдауы негізінен сайысшының барлық әрекетін
анықтайды. ТЖ ұрыс кезінде минутына 30-40 экс және одан жоғары
мәнге дейін артады. Энергия шығыны түйреу мен барлық айқастың
қысқа мерзімде орындалуымен байланысты айтарлықтай болмайды.

    Сайысшыларда өкпелік вентиляция жарыс кезінде 60-100 л/мин.

           496

⇐ МАЗМҰНЫ
   491   492   493   494   495   496   497   498   499   500   501