Page 497 - indexf
P. 497

дейін жоғарылайды. Энергия шығыны ерлерде 3600-4200 ккал, ал
әйел адамдарда 3000-3600 ккал тең болады.

                  Жылдамдықты-күштік спорт түрлері

    Ауыр атлетика (АА) – штанга көтеруден бәсеке, бұл дене күші
мен техника қатар шешуші рөл атқаратын спорт түрлеріне жатады.
Жұмыс динамикалық сипатта, ал штанганы көтерген және бекіткен
кезде статикалық сипатқа ие болады. Штанганы көтергенде дене
тепе-теңдігін сақтап тұру маңызды болып табылады.

    Ауыр атлетика күш пен шапшаңдықты дамытады. Штанга
қозғалысы координация бойынша күрделі болып келеді.

    А. Н. Воробьев мәліметтері бойынша штанга көтерушілерде
негізгі алмасу күйінде энергия шығыны (салмақ категорияларына
тәуелділіктен тыс) стандартты өлшемдердің 86-96%-ын құрайды.
Бұл тотығу үдерістерінің үнемділігін көрсетеді. Жаттығу кезіндегі
жиынтық энергия шығыны салмақ категориясына байланысты
3700-ден 6000 ккал-ға дейін болады. ОМП 56 мл/мин/кг тең келеді.
Штанга көтергенде тыныс алу күштенген және тынысты кідірткен
кезде жүреді. Бұл кезде құрсақ ішілік және веноздық қан қысымы
жоғарылайды.

    Штанга көтерген кезде өкпелік вентиляция мен оттегіні сіңіру аса
жоғары болмайды. Бұлшық ет жұмысы штанга көтергенде көбіне,
анаэробты жағдайларда өтеді, осыған орай оттектік қарыздылық
оттектік қордың 80-90%-ға жетуі мүмкін.

    ЖЖЖ штанга салмағына, тәсілдің қайталануына және
спортшының жаттығу дәрежесіне байланысты болады. Ол 160-
185 екп/мин жетуі ықтимал. ЖЖЖ жиіленуі көбіне, штанганы
түсіргенде байқалады. Тыныштық күйде штанга көтерушілердің
пульсі 60-70 екп/мин болады. Оларға артериялық қан қысымының
жоғарылау тенденциясы тән. Бұл жаттығу кезінде тыныстың кідіруі
мен күштенуге байланысты. Жаттығудан кейін систолалық сияқты
диастолалық қан қысымының да төмендеу тенденциясы тән.

    Штанга көтерген кезде күштену (ышқыну) жүрек қызметіне
қандай да бір қиындықтар тудырады, мұның жүрек бұлшық еті
гипетрофиясының дамуына әкелуі сирек құбылыс емес.

           497

⇐ МАЗМҰНЫ
   492   493   494   495   496   497   498   499   500   501   502