Page 194 - indexf
P. 194

ГЛОСАРИЙ

    А
    Авторлық қадағалау – бұл автордың:
    –– сәулет және қала құрылысы туындысының авторы (автор-

         лары) жүзеге асыратын құрылыс жобасының (құрылыс
         құжаттамасының) әзiрленуiне;
    –– сәулет немесе қала құрылысы туындысының авторын (автор-
         ларын) қоса алғанда, әзiрлеушiлер жүзеге асыратын құрылыс
         жобасының iске асырылуына бақылау жүргiзудi жүзеге асыру
         жөнiндегi құқықтылығы;
    Адам мекендейтiн орта – адам тұратын орта. Ол мыналарды
қамтиды:
    –– қоршаған орта – атмосфералық ауаны, Жердiң озон қабатын,
         жер бетi мен жер асты суларын, жердi, жер қойнауын, жа-
         нуарлар мен өсiмдiктер дүниесiн, сондай-ақ олардың өзара
         әрекетiндегi климатты қоса алғанда, табиғи және жасанды
         объектiлер жиынтығы;
    –– сәулеттiк-ландшафтық орта – адам шаруашылық қызметтi және
         басқа да функцияларды жүзеге асыратын, табиғи жағдайлар
         мен сәулеттiк нысандар ұштастырылған кеңiстiк. Әдетте, бұл
         елдi мекендер ортасы, ол адамның өмiр сүру жағдайлары мен
         психикалық-физикалық жай-күйiн айқындайды;
    –– iшкi орта – тұрғын үй-жайлардағы өмiр сүру жағдайларының
         және жұмыс (өндiрiс) үй-жайларындағы еңбек жағдайларының
         кешенi, ол әлеуметтiк, эстетикалық, биологиялық, психо-
         логиялық және физикалық-химиялық факторларды, соның
         iшiнде табиғи радиацияны, сыртқы шуды, биотикалық төңiректi,
         ауаның ластануын, ылғалдылығын, құрамы мен ауысуын,
         иiстердi, жанған өнiмдердi, табиғи және жасанды жарықты,
         судың тазалығын және басқаларды қамтиды;
    Айрықша реттеу және қала құрылысын регламенттеу
объектiлерi – аумақтарды, елдiмекеннiң, жылжымайтын мүлiктiң
жекелеген объектiсiнiң аумағын пайдаланудың арнаулы ережелерi
(тәртiбi) енгiзiлмей, жалпыға бiрдей қабылданған ережелерге (тәртiпке)
ерекшелiктер белгiленбей не оларға толықтырулар енгiзiлмей жүзеге
асырылуы қиындаған немесе мүмкiн болмайтын сәулет, қала құрылысы
және құрылыс қызметiнiң объектiлерi;
    Алаң – тұйық шекаралы қала құрылысының атаулы элементі;

           194

⇐ МАЗМҰНЫ
   189   190   191   192   193   194   195   196   197   198   199