Page 199 - indexf
P. 199

Жалға берілетін үй – жеке және (немесе) заңды тұлғаға меншік
құқығымен тиесілі, жалдауға беруге арналған тұрғын үй (тұрғын
ғимарат), тұрғын үй-жайлар (пәтерлер);

    Жалдаушы (жалға алушы) – тұрғын жайды жалдау шартындағы
тұрғын жайды немесе оның бір бөлігін тұрақты немесе уақытша иеле-
нуге және пайдалануға алушы тарап; 

    Жатақхана – еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың,
оқу кезеңінде студенттер (курсанттар, аспиранттар) мен оқушылардың,
сондай-ақ жатақхананың меншік иесімен немесе иесімен еңбек шарты
бар басқа да адамдардың тұруы үшін арнайы салынған немесе қайта
жабдықталған тұрғын ғимарат;

    Жеке арнайы шот – арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері
тұрғын үй төлемдерін аудару және белгіленген мақсатқа төлемдерді
жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банкте ашатын ағымдағы банктік
шоты;

    Жеке тұрғын үй қоры – жеке немесе мемлекеттік емес заңды
тұлғаларға және олардың бірлестіктеріне меншік құқығымен тиесілі
тұрғын жай; 

    Жер учаскесі – тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітіліп
берілген жер аумағы; 

    Жинақталған ақша сомасы – салымшының өз салымдарынан,
оларға тұрғын үй құрылысы жинақ банкі есептеген сыйақылардан
және мемлекеттің сыйлық ақыларынан тұратын іс жүзінде жинақтаған
ақшасы;

    Жинақталған ақшаның ең төменгі қажетті мөлшері – тұрғын
үй заемын алу үшін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт-
та айқындалған ақша;

    Жинақтау мерзімі – салымшы тұрғын үй құрылысы жинақ
ақшасын жинақтайтын уақыт кезеңі;

    Жеке тұрғын үй – қоныс учаскесiне орналасқан және шаруашылық
пен басқа да құрылыстармен және жасыл желектi екпелерiмен бiрге
азаматтың меншiгiндегi жеке (отбасымен) тұруға арналған үй.

    Жеке тұрғын үй құрылысы – белгіленген тәртiппен бекiтiлiп
берiлген жер учаскелерiнде азаматтардың өз күшiмен, мердiгерлiк не-
месе басқа да әдiспен жеке тұрғын үйлер салуы.

    Жеке тұрғын үйлер құрылысының аумағы – елдi мекен (ау-
дан, махалла, көше) аумағының азаматтарға мәдени-тұрмыстық
қызмет көрсету, сондай-ақ инженерлiк және көлiктiк инфрақұрылым
объектiлерi бар кешенiмен жеке тұрғын үй құрылысы үшiн пайдалана-

тын бөлiгi.

           199

⇐ МАЗМҰНЫ
   194   195   196   197   198   199   200   201   202   203   204