Page 195 - indexf
P. 195

Аллея – жағалай ағаш, бұталар және шырмауық өсімдіктер
отырғызылған жаяу жүретін көше немесе жол;

    Атау – елді мекендердегі елді мекеннің құрам бөлігіне
берілетін, оларды белгілеу мен тануға қызмет ететін жалқы есімдер;
Алдын-ала берілген бастапқы мекенжай (жобалық нөмір) – объектіні
пайдалануға бергенге дейін жобалау алдындағы құжаттаманы ресімдеу
кезеңінде берілетін жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайы;
6) бастапқы жылжымайтын мүлік объектілері – ғимараттар мен
құрылыстар, сондай-ақ, қала құрылысы регламентінің айрықша реттеу
объектілері;

    Антропогендiк әсер ету – табиғатқа, қоршаған ортаға, елдi мекен-
ге адам қызметiнiң түрлi ықпал ету нәтижесiнде туындаған оң және
терiс әсер етулер. Терiс әсер тигiзiлген жағдайда табиғат қорғау шара-
ларын қолдану қажеттiгi туындайды;

    Аумақтарды аймақтарға бөлу – қала құрылысын жоспарлау
кезiнде жекелеген аймақтарды қала құрылысына пайдалану түрлерi
мен оларды пайдалану жөнiндегi мүмкiн болатын шектеулердi белгiлей
отырып аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлу;

    Аяқталмаған құрылыс – пайдалануға беру үшiн тапсырысшы
белгiленген тәртiппен қабылдамаған және мақсатына қарай (тұру,
қызмет көрсету, өнiм шығару, пайда алу және пайдаланудың басқа да
түрлерi) пайдаланылмайтын құрылыс объeктici;

    Алмастыру құны – бағалау объектісінің тозығын ескере оты-
рып, бағалау жүргізілген күні қолданылған нарықтық бағалардағы
бағалаудың ұқсас объектісін жасауға жұмсалатын шығындар сомасы;

    Арнайы құн – бұл нарықтық құннан асып түсетін және активтің
кейбір ерекшеліктерін көрсететін, арнайы сатып алушы үшін
құндылыққа ие сома;

    Алу құны – «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға
байланысты мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер
учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті бағалау стандартын-
да» бекітілген әдістерге сай анықталатын нарықтық емес құн түрі;

    Алдын ала тұрғын үй заемы – шарттық соманы алғанға дейiн
негiзгi борышты өтеу талабынсыз, тұрғын үй жағдайларын жақсарту
мақсатында шарттық соманың шегiнде салымшыға тұрғын үй
құрылысы жинақ банкi беретiн нысаналы заем, ол бойынша қалдық осы
Заңға, банктiң iшкi кредиттiк саясатына және банктiк заем шартының
талаптарына сәйкес шарттық соманың есебiнен өтеледi;

    Аралық тұрғын үй заемы – жинақталған ақшаның ең төменгi
қажеттi мөлшерiн жинақтау талабымен тұрғын үй жағдайларын

           195

⇐ МАЗМҰНЫ
   190   191   192   193   194   195   196   197   198   199   200