Page 197 - indexf
P. 197

Бастапқы құн – бұл төленген өтелмеген салықтар мен алым-
дарды, сондай-ақ жеткізу, монтаждау, қондыру, пайдалануға қосуға
кететін шығындарды және басқа да активтерді мақсатты пайдалану
үшін тікелей жұмыс жағдайына келтіруге жұмсалатын шығындарды
қоса алғанда, негізгі құралдарды тұрғызу немесе сатып алу жөнінде
нақты жұмсалған шығындардың құны;

    Блок – қызметі тұрғысынан тәуелсіз, басқа элементтермен
үйлестіріліп те, жеке де пайдалануға болатын ғимараттың көлемдік-
кеңістік элементі;

    Бульвар – қарсы көліктік ағындары отырғызылған ормандармен
және жаяу жүру жолдарымен бөлінген жергілікті маңызы бар көше не-
месе жол;

    Г
    Гараж – автомобиль көлігін тұрақты немесе уақытша сақтауға
арналған құрылыс;

    Ғ
    Ғимарат – табиғи немесе жасанды кеңiстiк шекаралары бар және
өндiрiстiк процестердi орындауға, материалдық құндылықтарды
орналастыруға және сақтауға немесе адамдарды, жүктердi уақытша
орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе
коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргiзуге) арналған жа-
санды жасалған ауқымды, тегiстiктi немесе желiлiк объект (жер үстi, су
бетi және (немесе) жер асты, су асты). Ғимарат көркемдiк-эстетикалық,
әшекей-қолданбалы не мемориалдық мақсатта да болуы мүмкiн;
Ғимарат – адамдардың тұруына немесе iшiнде болуына, өндiрiстiк
процестердi орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды
орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын функционалдық
мақсатына қарай, мiндеттi түрде жер бетiне салынып, тұйық көлемдi
құрайтын, тiреу және қоршау конструкцияларынан тұратын жасанды
құрылғы. Ғимараттың жер асты бөлiгi болуы мүмкiн;

    Д
    Даңғыл – жалпы қалалық маңызы бар жол немесе көше;
    Дара (бөлек) меншік – тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрамындағы
үй-жайға азаматтардың, заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің
меншігі; 

           197

⇐ МАЗМҰНЫ
   192   193   194   195   196   197   198   199   200   201   202