Page 198 - indexf
P. 198

Е
    Елдi мекеннiң аумағы – қалалық немесе ауылдық елдi мекеннiң
белгiленген шекара (iшкi аумағы) шегiндегi кеңiстiк;
    Елдi мекеннiң бас жоспары – аймақтарға бөлудi, оның аумағының
жоспарлы құрылымы мен функционалдық ұйымдастыруды, көлiк және
инженерлiк коммуникацияларды, көгалдандыру мен абаттандыру
жүйелерiн белгiлейтiн, қаланы, кенттi, ауылды не басқа да қонысты
дамыту мен салуды кешендi жоспарлаудың қала құрылысы жобасы;
    Елді мекен – халқының саны 50 адамнан кем емес республика
аумағының ықшам қоныстанған бөлігі;
    Елді-мекендердің құрам бөліктері – елді-мекендер құрам бөліктері
типтері атаулырының Тізімінде көрсетілген көше, даңғыл, орам, буль-
вар, шағын аудан және елді мекеннің басқа да құрам бөліктері;
    Есептік тіркеу – құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеусіз жа-
рамды болатын жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар
ауыртпалықтарын), оның ішінде бұрын туындаған құқықтарды есеп-
ке алу мақсатында жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар
ауыртпалықтарын) тіркеу;

    Ж
    Жақсартылған жерлердің экономикалық жарамдылық мерзімі
– жақсартылған жерлерден алынатын немесе болжанып отырған
кіріс осы кірісті алуға байланысты операциялық шығыстардан аса-
тын кезең. Жақсартылған жерлердің экономикалық өмір сүру мерзімі
жақсартылған жерлерді пайдалану үшін жарамды күйде ұстауды
ақтайтын кезеңді көрсетеді;
    Жақсартылған жерлердің нақты жасы – жақсартылған жерлерді
пайдалану басталғаннан бағалау күніне дейінгі кезең;
    Жергілікті сараптамалық қорытынды – сараптаманы аяқтайтын
кезеңді қоспағанда, жобалар сараптамасының жобаның тиісті бөлім-
дері (бөліктері) бойынша сараптамалық қолдаудың әрбір кезеңінде
ресімделетін және тапсырыс берушіге берілетін қорытындысы;
    Жазбаша сауалнама – кондоминиум объектісін басқаруға, күтіп-
ұстауға және пайдалануға байланысты шешімдер қабылдау үшін
қайтадан жиналыс өткізілгенге дейін  жазбаша нысанда жүзеге асы-
рылатын кондоминиум объектісіндегі үй-жайлар (пәтерлер) меншік
иелерінің үштен екісінен астамының пікірін анықтау; 
    Жалдауға беруші (жалға беруші) – тұрғын жайды жалдау 
шартындағы тұрғын жайдың меншік иесі немесе тұрғын үйді жалдауға
беруге меншік иесі уәкілеттік берген адам болып табылатын тарап; 

           198

⇐ МАЗМҰНЫ
   193   194   195   196   197   198   199   200   201   202   203