Page 196 - indexf
P. 196

жақсарту мақсатында салымшыға тұрғын үй құрылысы жинақ банкi
беретiн нысаналы заем, ол бойынша қалдық Заңға, банктiң iшкi
кредиттiк саясатына және банктiк заем шартының талаптарына сәйкес
тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша шарттық
соманың есебiнен өтеледi; 

    Аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республи-
касының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға
құқығы бар адамдар;

    Әділ құн – бұл кем дегенде активтерді ауыстыруға болатын неме-
се хабарландырылған, бір-біріне тәуелсіз тараптар арасында операция
жасаған кезде міндеттемені орындайтын сома;

    Б
    Баламалы пайдалану – қазіргі пайдаланудан ерекшеленетін және
бағалау объектісінің аса тиімді пайдаланылуын талдау уақытында
қарастырылатын жылжымайтын мүлікті пайдаланудың ықтимал
нұсқалары;
    Банк-агент – үлескердің депозитін қабылдап алатын екінші
деңгейдегі банк;
    Бағалау қызметі бойынша біліктілік комиссиясы – біліктілік
емтиханын қабылдау үшін құрылатын комиссия.
    Бағалау объектісінің толық қалпына келтіру құны – құрылыс-
монтаждау жұмыстарына, материалдар мен құрылғыларға, сауда
үстеме бағалар мен көлік тарифтеріне қойылатын ағымдағы бағаларды
есепке ала отырып, кәсіпкердің табысын және қосымша құн салығын
есепке алмағандағы осы бастапқы түріне толығымен қалпына келтіруге
қажетті қаражаттардың құны;
    Бағалау объектілерінің экономикалық жарамдылығының қал-
дық мерзімі – бағалау күнінен бағалау объектілерінің экономикалық
өмір сүру мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзім;
    Бағалау көрсеткіші – шарттық сомаларды төлеу кезектілігін
қалыптастыру үшін тұрғын үй құрылысы жинақ банкі әрбір шарт бо-
йынша айқындайтын есептеу шамасы;
    Басым мүдделер – осы Заңға және өзге де заңнамалық актілерге
сәйкес құқықтық кадастрда міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын
және мемлекеттік тіркеусіз жарамды деп танылатын жылжымайтын
мүлікке құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары);
    Бұрын туындаған құқық (құқықтар ауыртпалығы) – 1996
жылғы 1 наурызға дейін туындаған және ол тиісті құқық туындаған
сәтте қолданыстағы заңнамаға сәйкес келген жағдайда жарамды бола-

тын жылжымайтын мүлікке құқық (құқық ауыртпалығы);

           196

⇐ МАЗМҰНЫ
   191   192   193   194   195   196   197   198   199   200   201