Page 214 - indexf
P. 214

табиғи жағдайының, оның ағымдағы пайдаланылу ерекшеліктерін,
мүліктің нарықтық құнын қалыптастыруға сыртқы факторлардың
ықпалын ескере отырып айқындалады;

    Салық құны – қолданыстағы салық заңнамасының негізінде
есептелетін құн;

    Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы
мемлекетаралық нормативтер (мемлекетаралық нормативтiк
құжаттар) – Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттiң (басқа
мемлекеттердiң) аумақтарында, Қазақстан Республикасы бекiткен
халықаралық шарттар негiзiнде, қолданылатын, мемлекетаралық қала
құрылысы нормативтерiн, мемлекетаралық құрылыс нормалары мен
ережелерiн, құрылыстағы мемлекетаралық стандарттарды қамтитын
нормативтiк-техникалық құжаттардың, ережелердiң және басқа да
мiндеттi талаптардың, шарттар мен шектеулердiң жүйесi;

    Сараптамалық жұмыстар – ғимараттар мен құрылыстардың
жобаларына сараптама жасау және олардың сенімділігі мен
тұрақтылығына техникалық тексеру жүргізу жөніндегі жұмыстар;

    Сәулет қызметi (бұдан әрi – сәулет) – объектiнiң сыртқы және
iшкi келбетiн жасаудың, құрылысқа арналған (реконструкция-
лау, қалпына келтiру) жобалау құжаттамасының сәулет бөлiгiнде
кеңiстiктi, композициялық, көлемдiк-жоспарлау және функционалдық
ұйымдастырудың шығармашылық процесiн, жобаны iске асыру кезiнде
авторлық қадағалау жүргiзудi қамтитын сәулет объектiлерiн жасау
жөнiндегi қызмет;

    Сәулет объектiлерi – әзiрленуiне сәулетшiнiң қатысуы қажет бо-
латын, сәулет немесе қала құрылысы жобаларының негiзiнде салынған
үй, ғимарат, монумент, үйлер мен ғимараттар кешенi, олардың
экстерьерлерi және (немесе) интерьерлерi, абаттандыру, ландшафт не-
месе бақ-саябақ өнерiнiң элементтерi;

    Сервистік қызмет субъектісі – кондоминиум объектісін күтіп-
ұстау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

    Синергетикалық құн – бұл бастапқы мүліктік мүдде сомасына
қарағанда, оларды біріктіру нәтижесіндегі алынған мүліктік мүдде
құны жоғары екі немесе одан да көп мүліктік мүдделерді үйлестіру
есебінен нарықтық сомадан асып түсетін сома;

    Салыстыру деректері – бағаланатын объекті аналогтарының
деректерін талдау негізінде алынатын құнның есептік шамасын алу
үшін бағалау талдауында пайдаланылатын деректер: нарықтық дерек-
терден алынған сату бағасы, жалдау ақысы, табыстар мен шығыстар,
капиталдандыру және дисконттау ставкалары және басқалары;

           214

⇐ МАЗМҰНЫ
   209   210   211   212   213   214   215   216   217   218   219