Page 7 - indexf
P. 7

Кіріспе

    «Жылжымайтын мүлік экономикасы» Қазақстан Республикасы-
ның 2050 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасына сай бәсекелес-
тік деңгейі жоғары жас мамандарды даярлауға ықпал ететін маңызды
пәндердің бірі.

    «Жылжымайтын мүлік экономикасы» пәнін зерделеудің негізгі
мақсаты – жылжымайтын мүлік объектілерінің мәні және жылжы-
майтын мүлік нарығындағы оның маңызы туралы теориялық білім
ала отырып, жылжымайтын мүлік нарығында жүзеге асырылатын
нақты операцияларға қатысты тәжірибелік дағдыны қалыптастыру.
Оқулықтың мақсаты, болашақ мамандарға жылжымайтын мүлік
нарығында қалыптасқан экономикалық үдерістер туралы және осы
нарықтағы іс-әрекеттердің тиімділігін қамтамасыз ететін әдістер мен
құралдар туралы жүйелендірілген білім беру.

    Пәннің негізгі міндеттері:
   ♦♦ жылжымайтын мүліктің мәнін, өзіне тән ерекшеліктерін ашып

       көрсету;
   ♦♦ жылжымайтын мүлік сыныптамасын зерделеу;
   ♦♦ жылжымайтын мүлік нарығына тән ерекшеліктерді және оған

       тән үдерістерді сипаттау;
   ♦♦ жылжымайтын мүлік объектісін қаржыландыру түрлері мен

       ерекшеліктерін ашып көрсету;
   ♦♦ жылжымайтын мүлік нарығындағы кәсіпкерлік қызмет түрлері,

       оны дамыту бағыттарын түсіндіру;
   ♦♦ жылжымайтын мүлік объектілері құнының түрлері және

       бағасына әсер ететін факторларды талдау;
   ♦♦ жылжымайтын мүлік объектілерін бағалау түрлері, әдістерін

       талқылау;
   ♦♦ жылжымайтын мүлік объектілерін бағалау және оны лицензия-

       лау мәселелерін қарастыру;
   ♦♦ жылжымайтын мүлікті және оған қатысты мәмілелерді

       мемлекеттік тіркеу негіздерін қарастыру болып табылады.
    Оқулықта қарастырылған мәселелер студенттер, бакалавр,
магистранттардың «Жылжымайтын мүлік экономикасы» пәнінен
меңгерген білімін іс жүзінде пайдалану мүмкіншілігін арттыра оты-
рып, біліктілігі жоғары маман болуына септігін тигізеді.

           7

⇐ МАЗМҰНЫ
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12