Page 12 - indexf
P. 12

Өндірістік объектілер өнім өндіру және қызмет көрсетуге қатынасады.
Өндірістік емес объектілер адамдардың тұруына және оларға қызмет
көрсетуге жағдай жасайды.

    Жылжымайтын мүлік объектілерін материалдық физикалық құқық
объектісі ретінде – сапалық параметрлер, көлемі, ауданы, шамасы,
белгіленген шекарасы сипаттайды. Жылжымайтын мүлік объектісін
экономикалық объекті ретінде – оның тауар түрінде болуы, меншік
иесіне табыс көзі және меншік иесінің қаржы-қаражат тұрақтылығын
қамтамасыз етуі көрсетеді. Жылжымайтын мүлік объектісі азаматтық
құқық объектісі ретінде қарастырылады. Ол жылжымайтын мүлік
объектісіне қатысты құқықтар жиынтығынан қалыптасады: меншік
құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, құрылыс салу құқығы және т.б.

1.2 Кондоминиум

    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымайтын
мүлікке меншік белгіленетін кондоминиум нысанындағы мүліктік
кешенге жатқызылатын кондоминиум объектісі жер учаскелерінен,
бастапқы және кейінгі объектілерден тұрады.

    Кондоминиум үй-жайларда, пәтерлерде екi және одан да көп
меншiк иелерiне тиесiлi тұрғын үйлерде құрылады. Үй-жайлардың,
пәтерлердің меншiк иелерiнiң әрқайсысы өзiне тиесілі дара, бөлек
меншiк құқығы бойынша үй-жайды өз қалауы бойынша иеленуге,
пайдалануға және оған билiк етуге құқылы болып табылады.

    Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі, оған кіретін үй-жайлардың,
пәтерлердің меншік иелеріне үшін ортақ үлестік меншік құқығымен
тиесілі.

    Ал тұрғын үй, тұрғын ғимарат жанындағы жер учаскесі үй-
жайлардың және пәтерлердің меншік иелеріне ортақ үлестік меншік
құқығымен немесе ортақ жер пайдалану құқығымен тиесілі. Әрбір
меншік иесінің ортақ мүліктегі үлесі оған тиесілі үй-жайға дара
меншіктен және өзге заттай құқықтан бөлінбейді. Үлестің мөлшері дара
немесе бөлек меншіктегі тұрғын үй-жайлардың және тұрғын емес үй-
жайлардың пайдалы алаңының кондоминиумның осы объектісіндегі
бүкіл тұрғын үй-жайлардың және бүкіл тұрғын емес үй-жайлардың
пайдалы алаңының сомасына қатынасымен анықталады. Мұндай
үлесті заттай бөліп беруге болмайды.

    Егер үй-жай тұрғын үйге, әлде тұрғын ғимаратқа жапсарлас салын-
са немесе одан бөлiнсе, ортақ мүлiктегi үлес мөлшерi қайта есептеледi.

                 12

⇐ МАЗМҰНЫ
   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17