Page 9 - indexf
P. 9

Жылжымайтын мүлікке жылжымайтын заттар, яғни жер учаске-
лері, ғимараттар, құрылыстар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз
байланысты өзге мүлік, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес
шығынсыз ауыстыру мүмкін болмайтын объектілер жатады.

    Егер кондоминиум объектісінің құрамындағы пәтерлер және өзге
де тұрғын үй-жайлар, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайлар дара, бөлек
меншікте болса, олар дербес жылжымайтын мүлік объектілері болып
танылады. Мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелері, ішкі
суда жүзу кемелері, «өзен-теңіз» жүзу кемелері, ғарыш объектілері,
магистралдық құбырлардың желілік бөлігі де жылжымайтын заттарға
теңестіріледі. Заңнамалық актілермен жылжымайтын заттарға өзге
мүліктер де жатқызылады. Ақша мен бағалы қағаздарды қоса алғанда,
жылжымайтын затқа жатпайтын мүлік жылжымалы мүлік деп таныла-
ды. Заңнамалық актілерде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жыл-
жымалы заттарға құқықтарды тіркеу талап етілмейді.

    Мүлiктер бөлiнетiн және бөлiнбейтiн болып бөлінеді. Бөлiнетiн
мүлiк – бөлу нәтижесiнде бөлiктерi өз мақсатын, мiндетiн жоғалтпай-
тын мүлiк.

      Бөлiнбейтiн мүлiк – өзiнiң шаруашылық мақсатын, мiндетiн
өзгертпей бөлуге болмайтын немесе заңда ұйғарылуына қарай бөлуге
жатпайтын мүлік.

    Жылжымайтын мүлік меншік объектісіне қатысты құқықтық
қатынастарды анықтайды, яғни ол меншік құқығының жиынтығын
сипаттайды. Жылжымайтын мүлік объектілерінің қозғалатын және
қозғалмайтын болып бөлінуі олардың физикалық мәніне қарағанда,
заңға байланысты негізделген. Егер объектілерді оның физикалық
мәніне қатысты бөлетін болсақ, олар жермен байланысты және жер-
мен байланыссыз болып жүйеленген болар еді. Сондықтан экономист
ғалымдар қозғалмайтын мүлік әлде жылжымайтын мүлік түсініктерінің
орнына жылжымайтын мүлік объектілері түсінігін пайдаланған жөн
болатындығын алға тартады. Жылжымайтын мүлік объектілерін және
нарығын зерттеу, оның мәнін сипаттайтын сөздер мен сөйлемшелерге
семантикалық, яғни мағыналық талдау жасауды ұйғарады.

    Жылжымайтын мүліктің нысандарын бастапқы объекті және
кейінгі объектісі деп бөледі.

    Жылжымайтын мүліктің бастапқы объектісіне әртүрлі функ-
ционалдық мақсаттағы ғимараттар және құрылыстар, сондай-ақ ерек-
ше реттеу және қала құрылысын регламенттеу объектілері енгізіледі.

    Жылжымайтын мүліктің кейінгі объектісі қатарына құқықтарды
тіркеу мақсатында меншіктің жеке дара құқық немесе өзге де заттық

           9

⇐ МАЗМҰНЫ
   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14