Page 8 - indexf
P. 8

1-бөлім. Жылжымайтын мүлік анықтамасы

1-тарау. Жылжымайтын мүлік объектісі, оның мәні және өзіндік
                                  ерекшеліктері

1.1 Жылжымайтын мүлік объектісі, оның мәні

    «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу» ту-
ралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі №310
заңына сәйкес жылжымайтын мүлік – бұл жер учаскелері, ғимараттар,
құрылыстар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни
мақсатына шамадан тыс зиян келтірілмей көшірілуі мүмкін болмайтын
объектілер.

    Қаржы-экономикалық сөздікте «Жылжымайтын мүлік – азаматтық
актіде жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның иелігіндегі жер және
басқа жер-сулар, сол жердегі қозғалмайтын мүліктер, яғни ғимараттар,
заводтар және т.б.» ретінде қарастырылған.

    Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 117-бабында жылжы-
майтын мүлікке жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар, көпжылдық
екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлік, яғни орнынан
олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкін болмайтын
объектілер жатады.

    Жылжымайтын мүлік – жерден, сонымен қатар онда орналасқан
құрылыс және ғимараттардан тұратын кез келген мүлік деп биз-
нес бойынша оксфорд түсіндірме сөздігінде көрсетілген. С.И. Оже-
говтың «Орыс тілі сөздігінде» жылжымайтын мүлік – жылжымай-
тын, қозғалмайтын мүлік, мұндағы жылжымайтын, кітап тілімен
қозғалмайтын, орын ауыстырмайтын мүлік – жер учаскелерінен және
құрылыстардан түзіледі, бөлінбейтін – бөлуге болмайтын және бөлуге
жатпайтын, тұтас, бүтін деп берілген [36]. Орыс тілінің түсіндірме
сөздігінің 2-томында жылжымайтын мүлік құқық қозғалмайтын мү-
лік. Қозғалмайтын (недвижимый) – ескі движити етістігінен шыққан.
Мүлік салып орнатылған немесе салынбаған жер учаскелерінен
түзіледі [62]. Үлкен советтік энциклопедияда (17-том) құқықтағы
жылжымайтын мүлік, бұл жер учаскесі, осы жерде орналасқан күрделі
ғимараттар, құрылыстар және басқалай объектілер деп сипатталған
[63].

    Жоғарыда берілген анықтамаларда жер және жермен байланысты
барлық заттар қарастырылған.

           8

⇐ МАЗМҰНЫ
   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13