Page 11 - indexf
P. 11

нама табыс көзі болып табылады. Тұрғын үй – сатып алу және сату
объектісі тұрғысынан қарастырғанда тікелей табыс көзі. Тұрғын үй
құрылысы құрылыс материалдары өнеркәсібінің дамуына, жобалау
қызметінің сұранысқа ие болуына, инфрақұрылым объектілерінің са-
лынуына, сауда, жол құрылысы, көлік салаларының дамуына әсер ете
отырып, жанама табыс көзі саналады.

    Жер учаскелерімен байланысты жылжымайтын мүлік объектілерін
жерге қатыссыз объектілерден айырып көрсететін өзіндік ерек-
шеліктер:

   –– жылжымайтындығы, ол жылжымайтын мүлік объектісінің
       жер бетімен тығыз физикалық байланысын және физикалық
       бұзылусыз, зиян келтірілмей кеңістікте орын ауыстыруы мүмкін
       еместігін көрсетеді.

   –– материалдық нұсқада болуы. Жылжымайтын мүлік объектісі
       табиғи-заттық және құндық формада болады. Жылжымайтын
       мүлік объектісінің физикалық сипаттамасы жердің формасы мен
       көлемі, кіріс жолдары, жердің беті мен топырақ қыртысының
       астыңғы қабаты, ландштаф, қоршаған орта және т.б. туралы де-
       ректерден тұрады. Бұл сипаттамалардың жиынтығы, жылжымай-
       тын мүлік объекті құнының негізін қалыптастыратын физикалық
       объектінің құндылығын анықтайды. Дегенмен құндылықтың бір
       өзінен басқа объектінің құнына оның жарамдылығы, ұсыныстың
       шектеулілігі, сұраныс көлемі, заңдар, экономикалық даму деңгейі
       де әсер етеді.

   –– жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалану ұзақтығы. Жыл-
       жымайтын мүлік объектілері пайдалану үдерісінде тұтынылмай
       ұзақ мерзімде пайдаланылатындықтан экономикалық құнды-
       лығы жоғары болып саналады. Мысалы, тұрғын үйлер негізгі
       конструкция материалдарына сай, нормативтік 15-150 жыл
       қызмет ету мерзіміне байланысты 6 топқа бөлінеді.

    Жер ресурстарының құнарлылығын үнемі арттырып, дұрыс пайда-
ланылатын болса, оның айналыс ұзақтығы шексіз және мәңгі болады.

    Жылжымайтын мүлік объектілері жеке белгілеріне қатысты әр-
текті, бірегей, ерекше және т.б. болып бөлінеді, олар жылжымайтын
мүлік объектісіне байланысты нақты көрсеткіштер көмегімен же-
келеген топтарға енгізіледі. Іс жүзінде бірдей жылжымайтын мүлік
объектісі болмайды, бұл жылжымайтын мүлік объектілерінің әр-

тектілігі, бірегей және оның қайталанбайтындығымен түсіндіріледі.

    Қызмет ету белгілеріне сай жылжымайтын мүлік объектілері

өндірістік объектілер және өндірістік емес объектілер болып бөлінеді.

           11

⇐ МАЗМҰНЫ
   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16