Page 10 - indexf
P. 10

құқық объектілері ретінде оларға кадастрлық нөмірлер берілетін
тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар жатқызылады.

    Жылжымайын мүлік объектілері келесі үш түрге бөлінеді: жер,
пәтер үй, тұрғын емес үй-жайлар және ғимараттар. Жылжымайтын
мүліктің базалық объектісі ретінде жер алынады. Жер барлық бизнес
аясында негізгі фактор болып саналады. Жерге бос жер учаскелері
және табиғи кешендері, тағы басқа учаскелер; пәтер үйге – таңдаулы
пәтерлер, типтік пәтерлер, қаладағы, қала сыртындағы үйлер, т.б.;
ал тұрғын емес үй-жайлар мен ғимараттарға – офис ғимараттары,
қоймалар, сауда, өндіріс ғимараттары және т.б. жатқызылады.

    Жылжымайтын мүлік объектілері бірнеше нақты белгілері бойын-
ша жүйеленеді. Олар жылжымайтын мүлік нарығын тиімді басқару,
талдау және стратегиялық бағдарламалар жасау мақсатында негіз бо-
лады. Жылжымайтын мүлік объектілері келесі белгілері бойынша топ-
тастырылады:

    1.	Пайдалану сипатына байланысты:
    –– тұрғын жай ретінде: тұрғын үйлер, пәтерлер, коттедждер;
    –– коммерциялық және өндірістік бағытта: қонақүйлер, офис,

         дүкен, мейрамханалар, қызмет көрсету орталықтары, фабрика,
         завод, қоймалар, т.б.
    –– ауылшаруашылық мақсатында: фермалар, бау-бақтар, т.б.
    –– арнайы мақсатта: мектептер, ауруханалар, т.б. бөлінеді.
    2.	Иелік етуіне байланысты: бизнес жүргізу үшін, қожасының
тұруы үшін, инвестиция мақсатында деп топтастырылады.
    3.	Мамандандырылу деңгейіне байланысты – мамандандырыл-
ған және мамандандырылмаған болып жүйеленеді.
    4.	Белгілі бір мақсатта пайдалануға даяр болу деңгейіне байла-
нысты: пайдалануға енгізілген, реконструкция әлде күрделі жөндеуді
қажет ететін, аяқталмаған өндіріс болып бөлінеді.
    Экономикалық тұрғыдан жылжымайтын мүлік объектісін игілік
және табыс көзі ретінде қарастыруға болады. Жылжымайтын мүлік
объектілерінің мәнін сипаттайтын параметрлер жалпылама және белгілі
бір объектіге қатысты деп бөлінеді. Егер жерді алып қарастыратын
болсақ, онда ол жалпыға бірдей игілік ретінде ауылдық жерде
халықтың өмір қажеттілігін қамтамасыз ету және ұлттың әлеуметтік
территориялық дамуы функциясын атқарады. Ал табыс көзі ретінде,
жер ауыл шаруашылығы өндірісінің негізі ретінде, инвестиция салу
объектісі ретінде, ұлттық байлықтың бір бөлігі, салық салу объектісі,
табиғи ресурстардың көзі ретінде қарастырылады. Жер табыс көзі бо-
лып саналады.
    Жылжымайтын мүліктің тұрғын үй объектілері тікелей және жа-

           10

⇐ МАЗМҰНЫ
   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15