Page 116 - index
P. 116

11-жұмыс

    Тақырыбы: Гендердің тіркес тұқым қуалауы.
    Мақсаты: Белгілердің тіркес тұқым қуалау ерекшеліктері және
кроссинговермен танысу.
    Құрал-жабдықтар:
    Жаңадан дайындалған тамағы бар пробиркалар.
    Дрозофила шыбынының қалыпты қанатты денесі сұр және дене-
сі қара қанаты жетілмеген мутанттар түрлері. «Толық тіркесу», «то-
лық емес тіркесуге»және «кроссинговерге» арналған кестелер.
    Тапсырмалар:
    1. Дрозофила шыбынының қалыпты қанатты денесі сұр түрімен,
қанаты жетілмеген денесі қара шыбынмен шағылыстыру жүргізу.
    2. Бірінші ұрпақ буданына Ғ1 талдау жасап, оларды рецессивті
black-vestigial аталығымен шағылыстыру.
    3. Шағылыстыру үлгісін жазу және ажыраудың теориялық кү-
тілімін анықтау.
    4. Беккрос шағылыстыруда алынған (Ғb) шыбындарды талдау
және тәжірибеден алынған нәтижелерді теориялық күтілумен са-
лыстыру.
    Тапсырмаларға түсініктеме.
    Тіркесу. Бір хромосомада орналасқан гендердің айқаса алмай,
бірігіп тұқым қуалауын гендердің тіркесуі деп атайды. Яғни, олар
бір-бірінен тәуелсіз ажырап кетпей, бірге тұқым қуалайды. Алғаш
рет бұл құбылысты 1905 жылы У. Бэтсон және З. Пеннет хош иісті
бұршақ өсімдігіне жасаған тәжірибелерінде ашқан болатын. Бұл
заңдылықтың теориялық тұжырымдамасын жасаған және терең
зерттеген ғалым Т. Морган болды. Кез келген жоғары сатыдағы
организмдерде гендердің саны хромосомалардың санынан артық
болады. Мысалы, адамның 46 хромосомасында соңғы деректерге
сүйенсек, 26 мыңнан 40 мың-ға жуық гендер, ал дрозофила шы-
бынының 4 жұп хромосомасында 7000 ген бар деген болжам бар
(11-кесте).

                                                                             11-кесте
          Кейбір өсімдіктер мен жануарлардың диплоидты

                               хромосомалар саны

  Өсімдіктер  Хромосомалар саны Жануарлар  Хромосомалар саны
Шырша                    24 Адам                      46

              116

⇐ МАЗМҰНЫ
   111   112   113   114   115   116   117   118   119   120   121