Page 201 - index
P. 201

17-жұмыс
                                  Семинар сабақ

    Тақырыбы: Популяциялар генетикасы. Гендер жиілігін
анықтау.

    Мақсаты: Популяциядағы гендердің жиілігін анықтау тәсіл-
дерімен танысу. Белгілі популяцияның генетикалық құрылымын
талдау.

    Құрал-жабдықтар. Кестелер, «Харди – Вайнберг заңы».
    Талқылауға арналған тапсырмалар:
    1. Популяциялар және таза линиялар. Иогансеннің жұмысы және
оның өздігінен тозаңданатындардың селекциясындағы маңызы.
    2. Харди-Вайнберг заңы, оның маңызы.
    3. Популяциядағы тепе-теңдікті өзгертетін факторлар.
    4. Генетикалық есептерді шығарудың жолдары.
    Тапсырмалар. 1. Г. Харди және В. Вайнберг заңының мәні мен
таныстыру.
    Жаздық бидай Қарлығаш сортының 1000 популяциясының (дана-
сының) АА, Аа және аа гендерінің жиілігін анықтау осы популяция-
да 400 өсімдіктің антоциондық түсі жоқ.
    Тапсырмаларға түсініктеме:
    Жер бетінде тіршілік ететін организмдер құрайтын жүйелердің
ең төменгі буыны түр болып табылады. Түр деп морфологиялық,
физиологиялық ерекшеліктері бір, өсімтал ұрпақ бере алатын дара-
лар жиынтығын айтады. Түрлер бір немесе бірнеше популяциядан
тұрады. Олардың хромосомалар саны да, пішіні мен мөлшері де
ұқсас. Популяция (французша популясьон – қоныс тебу, орнығу)
– бір түрге жататын, бір аймақта тіршілік ететін, шыққан тегі бір,
еркін будандасып өсімтал ұрпақ бере алатын даралар жиынтығы. Әр
популяцияның өзіне тән қалыптасқан генофондысы бар. Генофонд
деп популяция құрайтын даралардың тұқым қуалайтын гендерінің
жиынтығын айтады. Популяция ареалдың нақты бір бөлігінде ұзақ
уақыт мекендеп, сол ортаға бейімделеді. Өзара жақын орналасқан
популяциялар арасында кейбір даралар будандасып, гендердің ал-
масуы байқалады. Бұл кезде организмдердің өзгергіштігі жоғарылап,
орта жағдайына бейімделушілігі артады. Егер популяциялар бір-
бірінен оқшау орналасып, еркін будандасуға мүмкіндік болмаса,
онда мутацияның көбеюі нәтижесінде, әр популяция жаңа түрге
бастама береді. Порпуляцияда эволюцияға тән барлық үдерістер:

           201

⇐ МАЗМҰНЫ
   196   197   198   199   200   201   202   203   204   205   206