Page 198 - index
P. 198

Фанкони синдромына тән зәр арқылы бөлінетін амин қышқыл-
дарын анықтау керек.

    Жауабы: лизин---аргинин---глутамин қышқылы---треонин---ва-
лин---лейцин---цистеин---тирозин.

    5-есеп. Бұқаның инсулин нәруызының молекуласында 51 амин
қышқылы бар делік, ал ДНҚ екі көршілес орналасқан нуклеотидтің
бір-бірімен арақашықтығы 34. 10 -11 метрге тең болса, онда бұқаның
инсулинін кодондайтын ДНҚ молекуласының бір бөлігінің ұзын-
дығы қандай болмақ.

    Есептер
    1-есеп. Бұқаның инсулин нәруызының молекуласында 51 амин-
қышқылы бар делік. ДНҚ-да екі көршілес орналасқан нуклеотидтің
бір-бірімен арақашықтығы 34*10-11 метрге тең болса, онда бұқаның
инсулинін кодондайтын ДНҚ молекуласының бір бөлігінің ұзынды-
ғы қандай болмақ?
    2-есеп. Инсулиннің В полипептидтік тізбегінің бір бөлігі 8
аминқышқылын құрайды. Олар: глицин---------изолейцин---------
валин--------глутамин--------глицин--------цистеин--------аланин.
Полипептидті тізбекті кодондайтын ДНҚ молекуласы үлескісіндегі
кодонның құрамын және орналасу ретін жазыңдар.
    3-есеп. 6 триплеттен тұратын геннің үлескісінде мутация нә-
тижесінде үшінші триплетте аминқышқылдар орын ауысқан, гуа-
ниннің орнына цитозин түзілген: ААЦ----ТАТ-----ГАЦ-----АЦЦ----
ГАА----ААА. Полипептидтегі аминқышқылдарының мутацияға де-
йінгі және одан кейінгі құрамын жазыңдар.
    4-есеп. Нәруыздың құрамына 400 аминқышқылы кіреді. Егер
ДНҚ молекуласындағы екі нуклеотидтің арақашықтығы 3,4*10-4 мкм
болса, оны бақылайтын геннің ұзындығы қандай болмақ?
    5-есеп. 400 аминқышқылынан тұратын нәруыз түзілуді бақылай-
тын геннің молекулалық массасын анықтаңдар. Нуклеотидтердің
орташа молекулалық массасы – 300.
    6-есеп. Геннің үлескісі ТГГ ТУГ ЦАГ ГАГ ГГГ ТТТ нуклеотидтер
құрамынан тұрады. Егер: а) сол жағынан оныншы нуклеотид
жоғалса; ә) 10-, 11- және 12-нуклеотид жоғалса, радиацияның әсе-
рінен аминқышқылдар қалай өзгереді? Олардың кодондайтын амин-
қышқылдарының құрамы қалай өзгеретінін анықтаңдар.
    7-есеп. Нәруыз тізбегі: валин-----лейцин-----гистидин-----серин--
---изолейцин аминқышқылдарынан тұрады. Нәруыз синтезін бақы-
лайтын геннің құрамындағы нуклеотидтер қатарын анықтаңдар.

           198

⇐ МАЗМҰНЫ
   193   194   195   196   197   198   199   200   201   202   203