Page 203 - index
P. 203

көрсетеді. Генотиптердің жиілігі популяцияда өзгеріссіз тұрақты
болса, онда аллельдердің жиілігі де р(А) = 0,5 және (а) = 0,5 тұрақты
болады. Бұл заңды тек үлкен таза популяцияда ғана қолдана алады.
Таза популяция дегеніміз – саны көп, еркін будандаса алатын, онда
сұрыптау және мутациялық үдеріс болмайтын және популяцияға
сырттан, популяциядан сыртқа шықпайтын даралар жиынтығы.
Бірақ бұл генетикалық тепе-теңдік эволюциялық факторлар әсерінен
өзгеріп, популяцияда генотиппен фенотиптің сан жағынан қатынасы
өзгереді.

                     Бақылау сұрақтары мен есептер
    1. Популяция дегеніміз не?
    2. Популяциялық генетика генетика курсында қандай орын ала-
ды?
    3. Харди-Вайнберг заңын қандай популяцияларда қолданады
және оның маңызы қандай?

   Популяциялық генетикаға арналған есептерді шығару жол-

дары

   І. Популяцияда фенотип жиілігін анықтау.

   Фенотипте гомозиготалы жағдайда болатын рецессивті аллель-

дің популяциядағы таралу жиілігін білген жағдайда доминантты ал-

лельдің таралу жиілігін есептеп шығаруға болады.

   Егер популяциядағы даралардың жалпы санын N белгілесек,

А белгісі бар даралардың саны        –жиnі1л, іагібе=лгnіс;і  бар дараларды – n2
көрсетеміз. Сонда А фенотиптің                                а фенотиптің жиілігі
   n2                                            N
=  N   .  Егер  фенотиптің  жиілігі  процентпен               онда  А  фенотип
                                                 берілсе,

жиілігі.

   Мысалы, қаракөл қойдың популяциясында 600 көк түсті және

336 қара түсті қойлар бар делік. А доминантты гені көк түсті, ал сол

геннің рецессивті аллелі а қара түсті анықтайды. Көк және қара түсті

қойлардың фенотип жиілігін анықтау керек.

   Көк түстің жиілігі = 600 = 0,663 немесе 66,3% қара түстің жиілігі
                               936

= 336 = 0,337 немесе 33,7 %.
  936

   Егер отардағы қойлар тек осы екі фенотиптен тұратын болса,

олардың қосындысы бірге /не 100%/ тең болуы тиіс.

   А + а = 0,663 + 0,337 = 1; 66,3% +33,7% = 100%.

                                     203

   ⇐ МАЗМҰНЫ
   198   199   200   201   202   203   204   205   206   207   208