Page 199 - index
P. 199

8-есеп. Егер адениннің А саны 600 мыңға, гуаниннің Г саны
2400 мыңға тең болса, ДНҚ молекуласының еселенуіне бос нук-
леотидтердің қандай түрлері және қаншасы жұмсалады?

    9-есеп. Егер барлық нуклеотидтердің 22%-ын құрайтын 880
гуанинді нуклеотидтер болса, ДНҚ молекуласының кесіндісінде
неше аденинді, тиминді, цитозинді нуклеотидтер бар?

    10-есеп. ДНҚ-ның бір молекуласында тиминдік нуклеотид жал-
пы барлық нуклеотидтердің 16%-ын құрайды. Басқа қалған нук-
леотидтер түрлерінің пайыздық мөлшерін анықтаңдар.

    11-есеп. Зерттеушілердің пікірі бойынша адамның бір жыныс
жасушасы ядросындағы ДНҚ молекуласының ұзындығы жуықтап
алғанда 10,2 см болады. Бір жасушаның ДНҚ-сында қанша жұп
нуклеотидтер бар?

    12-есеп. Егер бір вирус 200 мың жұп нуклеотидтерден тұратын
болса;

    -- егер бактериядағы барлық нуклеотидтердің саны вирустағы-
дай 100 есе көп болса, бір бактерияда;

    -- дрозофила шыбынының бір гаметасында ядросындағы нук-
леотидтердің жалпы саны 200 млн жұпқа тең болса, ДНҚ моле-
куласының жалпы ұзындығы неге тең (нанометрмен алғанда)?

    -- дрозофила шыбынының, бактерияның және вирустың ДНҚ
молекуласының жалпы ұзындығын салыстырыңдар. ДНҚ молеку-
ласындағы нуклеотидтер саны мен организмдердің күрделілігінің
арасында қандай байланыс бар?

    -- барлық организмдерде ДНҚ молекуласының құрылымы және
құрамы бірдей болғанымен, оның ұзындығы әртүрлі. Мұны қалай
түсіндіруге болады?

    13-есеп. ДНҚ кодоны қанша әртүрлі аминқышқылдарын кодон-
дайды?

    14-есеп. Аминқышқылдарында қанша ДНҚ әртүрлі кодондары-
мен кодондалады?

    15-есеп. ТГЦ, ЦАГ, ГЦТ, АЦЦ кодондарымен қандай амин-
қышқылдары кодондалады?

    16-есеп. Аргинин, пролин, лейцин аминқышқылдарын ДНҚ-ның
қандай кодондары кодтайды?

    17-есеп. Аспарагин, метионин, тирозин, валин аминқышқыл-
дарын аРНҚ-ның қандай кодондары кодтайды?

    18-есеп. Глицин аминқышқылын ДНҚ-ның кодоны кодтайды.
ДНҚ кодонына а РНҚ-ның қандай кодондары сай келеді?

           199

⇐ МАЗМҰНЫ
   194   195   196   197   198   199   200   201   202   203   204