Page 196 - index
P. 196

ә. Комплементарлы тізбекте синтезделетін и-РНҚ кодонының қа-
тарын анықтаңдар.

    б. Комплементарлы тізбекте сақталған полипептидтегі амин-
қышқылдар қатарын анықтаңдар.

    Шешуі:
    а. ДНҚ молекуласындағы азотты негіздердің комплементарлық
қағидасына сәйкес (А----Т, Ц-----Г) молекуланың екінші тізбегін
құрамыз.
    ААГГЦТЦТАГГТАЦЦАГТ – ДНК бірінші тізбегі
    ТТЦЦГАГАТЦЦАТГГТЦА-- ДНК екінші тізбегі.
    ә. ДНҚ және РНҚ молекуласындағы азоттық негіздердің ком-
плементарлық қағидасына сәйкес (А-----У, Ц-----Г), и-РНҚ тізбегін
құрамыз.
    ТТЦЦГАГАТЦЦАТГГТЦА-ДНҚ екінші тізбегі
    ААГГЦУЦУАГГУАЦЦАГУ—и-РНҚ молекуласы.
    --- транскрипция.
    б. Генетикалық кодтың триплетті екенін ескере отырып, и-РНҚ
тізбегін жеке триплеттерге бөлеміз. Содан соң, полипептидте амин-
қышқылдарының қатарын генетикалық кодтың кестесі арқылы
белгілейміз.
    ААГ ГЦУ ЦУА ГГУ АЦЦ АГУ-и-РНҚ триплеттері.
    лиз-ала-лей---гли-тре---сер--- полипептид

                     --- трансляция.
    2-есеп. Нәруыз молекуласының құрылысы бойынша ДНҚ құры-
лысын анықтау. Миоглобин нәруызының молекулалық кесіндісінде
амин қышқыл дарының орналасу реттілігі: валин-аланин-глутамин
қышқылы-тирозин-серин-глутамин. Осы реттілікті кодондайтын
амин қышқылдарының (ДНҚ молекуласының бөлігіндегі) құрылы-
сын жазыңдар.
    Шешуі:
    1. Кестеден әрбір амин қышқылын кодондайтын триплетті
анықтаймыз Олар: валинді – УУГ, аланинді – ЦУГ, глицинді – ГУГ,
т.б. кодондайды. Синтезге тек и-РНҚ қатысады. ДНҚ қатыспайды.
    Егер амин қышқылын бірнеше триплетпен кодондаса, біреуін
ғана алуға болады. Бұдан ретімен барлық амин қышқылдарын
кодондайтын триплетті жазып шығамыз. Алынған полипептидті
тізбек и-РНҚ құрылысын анықтайды. УУГ---ЦУГ---ГУГ....
    2. Бұдан кейін и-РНҚ құрылысын кодондаған ДНҚ тізбегінің
құрылысын анықтаймыз. Ол үшін и-РНҚ молекуласы кодондаған
триплеттің қарсысына ДНҚ молекуласының кодонын жазамыз.

           196

⇐ МАЗМҰНЫ
   191   192   193   194   195   196   197   198   199   200   201